Нұржан Думанқызы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің І курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

«Мен және Ғаламтор»

Адам ойдан ойшыл, істен шебер болмақ екен. Дәлелі- бұл күнге дейін дау туғызатын Дарвиннің тұжырымдары. Не керек содан бері белгілі уақыттар өтті, беймезгіл бейнелер тарих таспасына басылғаны да жасырын емес-ты. Ой теңізін білім қайығымен серуендегендер талай пәндер атасына айналды. Сөз құдіретін білетіндер ғазалдың ғажабына қаныққан. Сөйте тұра олардың өмірлерінен өрнектеп алар нұрлы сәттер аз. Себебі өзгеше ойларды ортаға әкелгені үшін талайларды тағдырларын әлекке салған. Біреуі көре алмағандықтан, бәлкім түсінбегендіктен…
Осылайша ғасыр сырғып, уақыт жылжып жырланар жаңалықтар жаһанның жексұрынына да айналып үлгерген. Тапқыштардың таланттарынан туған талай дүниелер кезінде көрнекті болғаныманымен бұл уақытта қорқыныштың жамылғысын білдіртпей жауып кеткені жасырын емес. Иә, ол қорқыныштар ғаламтордан туындауы да мүмкін. Дегенмен әр нәрсенің екі беті болатынын біле тұра пенде жаман жағына көбірек еліктейді. Көрмекке қызық табады. Абай айтпақшы қазақты дамытпай жүрген бір қуанышы мен жұбанышы қазақтың ғана емес ғаламдағылардың жаман ойлары арқылы әлемнің өсуін тежеуде. Ал енді жақсы жағынан қарастырып көрейік.
Ғаламды торлап жатқан ғаламтор Кеңестің дамып кетуінен қауіптенген АҚШ-тың Қорғаныс Министрлігі ақпаратты таратудың сенімді жолдарын іздеудеуден тапқан қулығынан бастау алған. Осылайша көгілдір жәшікпен жақын немесе айшылық жерлерден жылдам хабар алдыратын тораптық жүйе қалыптасқан. Алғашында құпия мәліметтерді тасымалдауға арналған канал бұл күндері Жер планетасын атмосферадан кейін қорғауша алған. Алғаш есімде сол ортаға мен 6 сыныпты бітірген жылы «агент» деген әлек арқылы енген едім.
Жаздың каникулы бастала сала бала біткенді ойын алаңына шақырып фотбол ойыны басталатын. Ол жерде күндізгі әдемі киімдеріміз киілмейді, басымызда киген бас киім, аяқта доп тебуге ыңғайлы жайпақ красовка. Қыз, ұл деп бөлінбестен ойынның қызығынан өзімізше ғажайып сезім алатынбыз. Сол кездің рахат сезімін еш бір алтынға айырбастай алмайды екенбіз. Осылайша әр жылғы жазғы демалысымыз өзінің қызығына тойдырмастан өтетін. Сол жылы көрші үйге қаладан жаңа балалар келді. Олар біз сияқты емес өңдері күн көрмеген ақшыл, топырақтың шаңынан қашатын кірпияз еді. Бір артықшылықтары -қолдарында ұялы телефондары. Өзімізше ержеткен бейнемізбен олардың қасында күн күйдірген қоңырқай жүзімізбен, доптың қызығымен топырақтың шаңын жұтып алған киімдерімізден ұяла бастадық. Олардың қоларындағы телефондарына қызыға да қызғана да қарайтынбыз. Қызығы олардың келуі біздің ауладағы ойын-сауықтың ойранын шығарған. Сол жаздан қалмай барлығымыз бір-бір ұялы телефон алдық. Солайша «мода» болып жатқан «агент» деген жүйенің құлы болып еніп кеттік. Содан бастап шөп өспейтін біздің алаңқайға сорайған арам шөптер өз әмірін жүргізген. Біз жейтін алмаларды ешкім жемей жер көгерткен екен. Өзімізше ғаламтордық ғаламатын көреміз деп жүріп, бал дәуреннің ғазалынан айрылғанымызды ол кезде еш қайсымыз да аңғармағанбыз.
Осылайша ғаламтор өміріміздің бір бөлігіне айналып кеткен. Бұл күндері білдей бір оқу орнының студентімін. Балалық шағымдағыдай емес ғаламторға жаңаша көзбен қарай бастағанмын. Болашақ мамандығымды жаңалық жаршысы болуға арнағандықтан ба желі маған тек қатынас құралы ретінде пайдаланып жүрген жайым бар. Әлеуметтік ортада өзіндік ойымды еркін жеткізу арқылы жасыма сай ой-толғамдарымды таратып отырамын. Дамыған дәуірдің ақпараттары сайын даланың тентек желінен де жүйрік, тасынған толқыннан да долы. Сол үшін де ғаламтор шабантозы ретінде минут сайын жаңаратын жаңалық айдынынан шеттеп қалған балықтай сусырап қалумауға тиістімін. Кезінде Ыбырайлар айтып кеткен айшылық жерлерден жылдам хабар алғызып отырған ғаламтордың пайдалы жағы да ұшан-теңіз-ау. Тек теріс жолдың тізгінін ұстағандарға да желеу болғаны ащы келсе де шындық. Бірақ адам нені қаласа соған қол жеткізетіні бар емес пе еді… Жақсылықты қаласа жарқын жүзді мейірімге бөленеді. Балға құныққан араша әсем гүлдерді аралап, тәтті дәмді іздеуден жалықпайды. Кей қоңыздардың жиналатын жерлері белгілі. Сол сүйкімсіздік жақсылықтың бетіне шілдер болып, сұрықсыз қылатыны қынжылтады. Сондай құнығудан жақсылыққа емес адасуға деген көзсіздік талай ғұмырды құзға итергенін күнделікті көріп те жүрміз. Осындай инфекциялық ойлар ғаламтордың берер пайдаларына өз вактерияларын түсіріп жатыр. Мысалы елестетейікші интернет беттерін аша сала сондай жаға ұстатар жаңалықтарды көре бермей бір мезгіз әдебиет, өнер, әсемдік бағытқа мойын бұрар болсақ оның басқаша тармағын таныр едік. Сондай арзан арбаулар арқылы сананы байлайтын байлауыш сайттардың санының көбеюіне: «әй, не болар?» деген оймен кіріп кіріптар болып шыққандар қаншама. Ой, сана оқып көзін ашқан адамда әрқашан ашық та тұнық болады. Сол үшін жайтақ су мен қаймақты сүттің ара жігін аша білгеніміз жөн болар. Қаймақ қанша айтқанмен жайтақ суға қарағанда дәмді әрі пайдалы емес пе? Ал сіз қайсысының дәмін татуға асығасыз?

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді