
Тәуелсіз журналист Михаил Козачков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанның шығысындағы жойқын өрттің Қазақстанның екі негізгі түйткілін көрсеткенін атады. Айтуынша, біріншіден, басшылық буындағы білікті мамандардың тапшылығы. Министрлер үйінде де, өңірлерде де үлкен бастықтар көбінесе өзінің лауазымына сай келмейді.
«Президент кеше бұл туралы айтты – ТЖМ-де де, әкімдікте де апаттың ауқымын дұрыс бағаламады, іс жүзінде өрттің одан әрі өршуіне жол берді. Жалқаулар мен дилетанттар», — деп жазды Михаил Козачков.
Қазақстанның екінші қасіреті – мәңгілік ақша жетпеу: Үкімет тапқаннан да көп ақша жұмсайды. Ал жетіспеушілік ұлттық әл-ауқат қорындағы аударым есебінен жабылады. Мысалы, 2023 жылы Министрлер Кабинеті одан 4 триллион теңге, яғни 9 миллиард доллар шығаруды жоспарлап отыр.
Бірақ ақша әлі де жетіспейді. Семей маңындағы апат елде орман өртін сөндіруге арналған құрал-жабдықтардың өте нашар екенін көрсетті. Мамыр айында шенеуніктер 8 миллиард теңгеге техника сатып алынатынын мәлімдеді. Неліктен мұны ертерек істеуге болмады? Бәлкім, бұл сұрақты ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге және Экология министрі Зүлфия Сүлейменоваға қойған жөн болар. Абай облысында қаза тапқан 14 адам соның қарамағында ғой.
Қаза тапқандардың неліктен өз көлігімен өрт сөндіруге барғаны белгілі болды, қызметтік көлік бұзылған немесе мүлде жоқ. Міне, біздің экономикамыздың құрылымы 30 жыл бойы осылай дамыды, біздің табысымыздан гөрі шығынымыз көп.
«Шығыста ел өртпен күресіп жүрсе, елордада ірі салық төлеушілерге қарсы соғыс жүріп жатыр. Қазір мен Respublica партиясының ойын бизнесіне толық немесе ішінара тыйым салу туралы ұсынысын айтып отырмын. Казино мен букмекерлерді қорғамаймын. Лудомания мәселесі шынымен де бар, оны жоққа шығаруға болмайды. Бір танысым Қапшағайда 10 миллион доллар ұтылып, түрмеге түсе жаздады. Тағы бірі ұтқан ақшасына Балқаштағы аралды сатып алды, бірақ кейін ұтылып, оны сатуға тура келді. Сонымен қатар, 190 миллион теңгеден ұтылып қалған Антикор тергеушісін де айтуға болады», — деді Козачков.
Бұл ретте, ойын бизнесі бюджетке жылына 110 миллиард теңгеден астам салық әкеледі. Бұл 2 мың адамға арналған 20 жаңа мектеп. Өртке қарсы жақсы тікұшақ 10 миллион доллардан басталады – бұл шамамен 5 миллиард теңгеден жоғары. 110 миллиард – бұл жылына 15-20 тікұшақ. Сондықтан көбірек салық жинау, әлеуметтік жүктеме беру дегендей букмекерлік кеңселерге басқаша көзқарас қажет. Бірақ оның жолын жабу ақымақтық.
Тіпті, мен Respublica неліктен букмекерлік кеңселерді таңдағанын түсінемін. Бұл тамаша PR акция. «Ақ жол» бюджет шығыстарына байланысты Премьер-Министрмен дауласып жатқанда, Сергей Пономарев бастаған аманаттықтар есірткіге қарсы күресте жаңа қадамдар жасауға тырысады, ал Қарақат Әбден де қазынаны шетелдік күйеу жігіттердің көмегімен толтырғысы келеді. Парламентке жаңадан келгендер ең оңай жол – лудоманиямен айналысуға кірісті.
Бірақ лудоманияға тыйым салу арқылы күресу алкоголизмді құрғақ заңмен жеңуге тырысумен бірдей. Лудомания туралы қазір екінің бірі айтады, бірақ тәуелділікті емдеудің жолын айтатындар аз.
Егер бұл ұсыныс қолдау тапса не болады? Бюджет жылына 110 миллиард теңгеден қағылады, ал ойыншылар шетелдік кеңселерге бәс тігуіне жалғастыра береді.
Сайттар мен қосымшаларды бұғаттаудан пайда жоқ. 15 жыл бұрын бізде онлайн казиноларға тыйым салынды, бірақ олар әлі де жұмыс істейді. Жақында гугл арқылы Zhasotan деп аталатын сайтты тауып, сол жерден казиноға өтіп, өзімнің қазақстандық нөміріммен тіркелдім. Сосын қазақстандық банктің картасы арқылы шотты оңай толтырдым. Ешқандай шектеу жоқ.
Букмекерлік кеңселерде тыйым салынса тура осылай болады. Атақты журналист, жазушы Юлия Латынина жақында «Саясаткер көпшілікке ұнайтындай, ал мемлекет қайраткері қоғамның стратегиялық мүддесіне сай әрекет етеді» деп саясаткер мен мемлекет қайраткерінің айырмашылығын түсіндірген болатын.
Тек Respublica партиясының өкілдері осы айырмашылықты біле ме екен?
Олжабек Байқуатов