Марат ҚАНИЕВ ОҚО, Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің 2-курс студенті

03 наурыз 2017, 21:01

Мен және ғаламтор

2014 жылғы статистикалық мәлімет бойынша Қазақстандағы интернет пайдаланушылар саны он екі миллионға жетіпті. Тони Блэрше айтар болсақ, «Ұлыбритания ұлы тарихқа ие. Бірақ біз мұражайда өмір сүре алмаймыз. Сондықтан компьютерге отыру керек». Демек, қоғамның қазіргі қажеттілігі ғаламторды тудырғандықтан, мейлінше, техникамен ақпараттануды үйренгеніміз абзал.

Қазақстан жаһандануға қадам басқан сайын білімді ұрпақтарды қажет ететіні хақ. Кітаби сауаттылықпен қатар компьютерлік сауаттылық та маңызды күшке ие боп үлгерді. Кеше ғана екінші жиырма бес жылдығының жаңа парақтарын аша бастаған мемлекеттің басты міндеті де осы электронды өкімет болып отыр.

Сонау Қиыр Шығыс пен Еуропаның арасын жалғап тұрған ғаламтор адамзат өркениетіне айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бір кездері түрлі құстар арқылы хат алысқан қауым, кейін келе жылжымалы почталар жүйесіне көшкен еді. Арадағы сұқбаттар легі айлап, жылдап күтуге дейін созылды. Бірақ, ХХІ ғасыр бұл олқылықтардың салдарын жойып, тіптен жеңілдетіп жіберді. Мәселен, байланыс құрылғыларының пайда болуы һәм олардың эволюциялық өзгерістерге ұшырап, жан жақты жетілуі жаңа тыныстар ашып берді. Алғашқы мессенжрлер жылдам хабарлама таратуға бейім болса, кейінгілері жүзбе жүз сөйлесуге дейін жеткізді. Ал, қиялымыздағы болашақ қандай тосын сыйлар дайындап қойғаны бір Алла ғана аян болар. Бірақ, игіліктің де өзіндік кесапаттары шаш етектен болады. Бәлкім, бұл асыра қолдану мен ақымақтықтың нәтижесінен емес пе екен? Ендеше, алты құрлықтың «Алтын көпіріне» айналған ғаламтордың кеселдері жөнінде сөз қозғалық.

Соңғы кездері компьютер, смартфондарға жіпсіз байлану белең алып тұр. Бұған себеп әртүрлі бағдарламалар, ойындардың пайда болуы. Күні кеше ғана елді дүрбелеңге салған «Көк киттің» әлегін әлі ешкім ұмыта қоймады. Ресейде нешелеген жасөспірімдердің өзін өзі қол жұмсауына әкеп соқтырды. Дейтұрғанмен, күн өткен сайын қызығушылық танытқан жастардың қарасы өсіп келе жатыр. Құқық қорғаушылар да арандатушыларды ауыздықтай алмай отыр. Бұл мәселерді бір жақты қойып, әлеуметтік желілер жайында тізгін жіберсек қалай болар екен?!

Бүгінде ең қауіпті желі ВКонтакте-мыс. Бұл вертуалды тордың қауіптілігі мыңдаған адамның басын қосқан «бірлестіктерінен» төніп тұр. Ал, осы желіге ресми агенттіктерінің хабарлауы бойынша қазақстандықтар тарапынан он миллионнан астам тіркелім кеп түсіпті. Демек, ол жердегі ірі аудитория құрап отырған елдердің бірі біз екенбіз. Алайда, үлкендеріне қарағанда жастары көп қызығушылық танытып отырған желінің кесірінен нешелеген суицидтер орын алып жүр. Арнайы өлімге итермелейтін топтар жұмыстарын емін еркін жүргізіп келе жатыр. Тіпті оларға ВК әкімшілері де бұғау сала алар емес. «Жау жоқ деме жаға астында, бөрі жоқ деме бөрік ішінде» деген қазақ мақалы, бүгінгі технологиялардың талабына да сай келіп тұр емес пе? Әйтпегенде, аңдаусыз қадам жасағандар алдарынан қазылған аранға түсіп, құтылып шығулары тіптен қиындап кеткен. Десе де, әртүрлі экстремистік ұйымдардың үгіт насихаттары жоғарыда көрсеткен қауіптен де қатерлі. Арнайы жекелеген сайттар арқылы жұмыс атқаратын олар дінге бет бұрған жарандардың санасын сан саққа бөліп келеді. Тіпті өзіміздің қазақ жастары қару асынып, Сирия жерінде «жанкештілердің» пердесін тағынып жүр. Бұл жайттарды дәлелдеудің қажеті шамалы. Өйткені, жаһандық проблемаға айналған істердің ақ-қарасын тексеріп жатуда артық болар.

Ғаламтордың қазаққа тигізген тағы бір зияны бар. Қарттан қадір, жастан жалын кетті. Яғни, батысқа жаппай еліктеген ұл-қыздарымыз ұлттық бояуларын жоғалтып алды. Бойларында ананың тілімен, әкенің қанымен идірген күллі ізгіліктің нышаны да қалмай барады. Қалалық мәдениет деп көкіген қаракөздеріміз арын нанға сатып, жігерлі жігіттеріміз намысын малға сатып әлек. Бес саусақтың бірдей еместігі белгілі болғанымен, мен айтпасам да топырақ шашылатын жеріне шашылып қойған-ды. Оны көретін көз, ұғынатын ес болмаса не қайыр? Шахановтың «Компьютербасты жарты адамдар» деп күйінуі осыдан туды-ау. Пайдалы істің пайдасына қызмет қылып, кесапатынан аулақ болсақ, ұйыған ұлтымызды қарғасы да, құзғыны да шұқи алмас еді. Ғаламтор адамзат ғылымының дамуына әбден керек-ақ, алайда, артық қол салу жақсылыққа апармайды. Түбінде, «кітап оқығандар компьютер де отырғандарды басқарады».

 

 

 

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді