jasqazaq.kz

Маңғыстауда қауіпті маневрлар жасап, қоршаған ортаға зиян келтірген жүргізуші 10 тәулікке қамалды

17 сәуiр, 12:13

Маңғыстау облысы аумағында Айрақты-Шоманай алқабында түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің наразылығын тудырған болатын. Онда жүргізушілер қауіпті маневрлар жасап, видеоға түсірген.

Полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes көлігінің әрекеті жол қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, қоршаған ортаға да зиян келтірген. Кейін құқық бұзушының 24 жастағы жүргізуші екені анықталған. Ол көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған және бұған дейін де осындай құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылған болып шықты. Жүргізушіге бірнеше әкімшілік жаза қолданылып, көлік айып тұрағына қойылды.

Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, жүргізушінің әрекеті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша сараланып, сотта құқық бұзушының кінәсі толық дәлелденген.

Аталған бап бойынша айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған. Нәтижесінде сот оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді