jasqazaq.kz

Мақсат — сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру

27 наурыз, 16:24

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің Жарлығымен өткен жылғы шілде айынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жаңа деңгейге көтерілді. Осы бір қоғам дертінің алдын алу және адалдық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі үйлестіру Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүктелді. Ауқымды өзгеріс өңірлерде нақты нәтижеге бағытталған жаңа форматтағы жобалардың іске асуына жол ашты.
Өңірлік департаменттер өз кезегінде ақпараттық-насихат, құқықтық түсіндіру және жастармен жұмыс күшейте түсті. Осы бағыттағы жұмыстар мен алдағы жоспар туралы jasqazaq.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Абылайхан Наурызбаймен сұхбаттасты.

— Абылайхан Дағыстанұлы, ең алдымен Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына тоқтала кетсеңіз.

— Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және тұрғындар арасында түсіндіру семинарлары, «Адалдық сағаттары», дөңгелек үстелдер мен ашық пікірталастар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында жастар арасында парасаттылық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған кездесулер, құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты өткізіліп келеді.
БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы да ақпараттық-насихат жұмыстары күшейтілді. Сыбайластық жемқорлықтың алдын алу бағытында бейнежазбалар жарияланды.
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалымен бірлескен меморандум жасалды.

— Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде халықтың құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қаншалықты артты деп ойлайсыз?

— Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығы едәуір артты деп айтуға болады.
Азаматтар мемлекеттік қызмет алу кезінде өз құқықтарын жақсырақ біле бастады, заң бұзушылықтарға төзбеушілік деңгейі жоғарылады.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша – қоғамда әділдік қағидаттарына деген сұраныстың артқанын көрсетеді. Бұл тұрақты түрде жүргізіліп отырған алдын алу жұмыстарының нақты нәтижесі.

— Алдағы уақытта Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қандай жаңа форматтағы іс-шаралар мен жобалар жоспарланып отыр?

— Алдағы кезеңде алдын алу жұмыстары жаңа форматта жалғасатын болады.
Атап айтқанда, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу арқылы мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылып, тәуекелдерді басқару жүйесі күшейту міндеті тұр. Сондай-ақ «ашық бюджет», «ашық әкімдік» форматындағы жобалар дамытылады.
Жастар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу шеңберінде «адалдық клубтарын» кеңейту жоспарланды. «Адал ұрпақ — ұлт болашағы» жас ақындар Республикалық мүшәйрасын, мобилографтар арасында «Жемқорлыққа қарсы күресті өзімнен бастаймын» әлеуметтік бейнероликтен байқау өткізілмек. Облыстық жастар ұйымдары көшбасшыларының арасында Одан басқа «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» семинарын, «Білім. Бірлік. Болашақ» тақырыбында облыстық зияткерлік интеллектуалдық ойынын, білім беру ұйым басшыларының арасында «Адал көшбасшы» облыстық байқау ұйымдастырылады.
Жастар арасында «Менің таңдауым — Адалдық» жазғы мектеп дебат-пікірсайыс, жасөспірімдер арасында «Түркістан – Адалдық мекені» облыстық айтыс байқауы өтеді.
Сонымен бірге қоғамдық бақылау тетіктерін күшейту және комплаенс қызметтерін жетілдіру сияқты іс-шаралар жоспарланды.
Департаменттің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру және мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету десек, бұл міндет ойдағыдай орындалып отыр.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

15 сәуiр, 15:51
«Закон и порядок»: лекцию о цифровой безопасности провели для столичных школьников
10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников