Мəдениет Əділет Ақсеріұлы N101 мектеп-лицейінің 11- сынып оқушысы (Қызылорда қаласы)

03 наурыз 2017, 21:00

Мен және ғаламтор 
Ғаламды торлаған ғаламтордың актуальді мәселеге айналғанына да он жылдың жүзі болып қалды. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейінгінің ермегіне айналған желілердің артықшылығы да, тиісінше зардап тигізер тұстары да бар.
Артықшылығы дейтініміз-жылдам мәлімет алу, жылдам хат алысу… Осы артықшылықтар да кейде кері әсер етіп жатады.Адами, рухани құндылықтардан айырып, «ауырдың үстімен,жеңілдің астымен» жүруге әкелді.Тамаша кітаптарды электронды сайттар, жазу құралдарын пернетақта алмастырды. Бұл-замана дерті.
Артықшылығынан кемшілік тауып, сынға алдық. Ал нағыз зиянын айтқанда ет пісірлі уақыт кетер. Нар тәуекел деп жіпке қөткізіп көрейән. Қазақ, жалпы, ерме халық. Өткен ғасырларды шығыстың ұлы өркениеттің көшіне ермек болып жанталасты бабаларымыз. Оның ұрпақтары, мына біз, жаңа заманның дамыған өркениеті деп шығысқа енді жете бастаған көштің басын еуропашыл мәдениеттің сүрлеу-соқпағына салып жібердік. Міне, екі ортада қазақ мәдениеті дүбәра халге түсті. Енді, қараңыз! Шығысқа жетелеген Аристотель, Әл-Фараби, Конфуций, Омар Хайямдар жазған тамаша ортағасырлық туындылар десек, батысқа еліткен кім? Батысқа бет бұрудағы жоғарғы ықпал осы ғаламтордың, түрлі әлеуметтік желілердің еншісінде.
Мәселенің бастауы қайда? Қоғам дертінің «инфекциясы» ұлт қанына қашан
түсті? Белгісіз! Біреулер еуропашылдыққа бет бұру Кеңес Одағынан басталды дейді. Енді бірі бұны кешегі Тәуелсіздіктен бергі жылдармен байланыстырады. Кеңестік басқару формасы деу қисынға келіңкіремейді. Өйткені, бертінге дейін қазақ зиялылары ұлт менталитетін, әдебиетін қаққан қазықтай болып ұстады. Өзге ықпалдарға халықтың елп етуіне жол бермеді. Қараңғы болса да халықты қлтжанды болуға үндеді.
Ендігі кезек екінші пікірде. Рас, Тәуелсіздік алып, төбеміз көкке екі елі жетпей қуандық.Өз алдына дербес ел болған Қазақстан алдына экономикалық-саяси гүлденуге барылқ күш жұмылдырылып, мәдени бағыттар дағдарып қалды. Міне, қоғам дертінің асқынуы осы тұстан басталады. Мәдени шаралардың болмауы, халықтың рухани дағдарысқа ұшырағаны. Рухани жұқарған бұхараның қолына сол кезде «құланның қасынуына, мылтықтың басуы дегендей» ғаламтор жүйесінің елге келуі дөп түйісті. Істің байыбына бармайтын қазақпыз ғой. Гу ете қалып, кірісіп кеттік. Жылдам ақпарат, әлеуметтік желілер… Лениннің «коммунизмінен» бір мысқал кем емес дүниедей көрінгені рас.
Ал осының артында үлкен ақпараттық жаулау жатты. Түрлі провакаторлаға бұл таптырмас құрал. Сенгіш жатқан қалпынан айыға алмай келе жатқан жайымыз жалған бүліктерге үріккен қойдай дүр ете қалады. Жиі дүрліктіруден жүрегі шайлығып қалған халықтың бойынан ұлттық рух жойылады.
Өткен жылғы бас көтерулер, мына бүгінгі «көк киттің әлегі», бәрі жалған бүлікшілердің әрекеті. Міне, ғаламтор арұылы таратылған бұрыс ақпарат тұтас ұлтқа ірткі салып, тамырына балта шабуда.
Жамандай беріп, жөнін таппаспыз. Бұдан шығудың амалдарын іздеген абзал. Жалпы ғаламторды саналы түрде алмастыра алатын құндылық бар ма? Бар! Ол-үйіңізде немесе кітапханаларда шаң басып жиналып тұрған том-том кітаптар. «Википедия» тұрғанда кітап парақтап не азап-деп ойлайтын боларсыз, бәлкім. Олай ойлайтын болсаңыз, сізге мынаны айтайын. Әлем ғалымдарының дәлелдеуі бойынша, адамның жады экраннан көрген ақпаратын сол сәтте ғана ойлайды да, көпшілігін ұмытады. Себебі, лентадағы ақпарат өте көп, ал әр тақырыптағы көп ақпаратты бірден қабылдауға адамның көпшілігі қабілетсіз. Кітаптағының айырмашылығы не дерсіз? Кітап белгілі бір сюжет бойынша жазылады. Ақпарат рет-ретімен, идея-жалғыз…
Сонымен,құй сен, құй сенбе, ғаламтордың осындай жоқтары бар. Бұл да пышақ секілді. Қастықпен жұмсаған пышағың адам өлтіреді, сол секілді ғаламторды ермекке пайдалансақ, көзімізді, миымызды береміз, аларымыз жоқ. Ал керісінше, тиімді қолдана білсек, бұл да адам игілігіне қызмет істейтін нәрсе.
Қорытындылай келгенде, ғаламтор пайдалану мақсатына орай,жақсы да жаман да мәселе! Ғаламтор өрісі қанша кең болса да , қасиетті кітаппен теңесе алмайды. Кітаби идеоялогия мықты кезде тату елді ғаламтор уысында ұстай алмауда. Осы ғаламтордың «ғалымдары» қоғамдағы рухани тұрғыдан ластауға жол беріп отыр. Жүгенсіз кеткен жүгермектердің кісі шошырлық әрекеттері де осыдан. Әйтпесе, «Енілік-Кебек» , «Қозы-Көрпеш–Баян сұлу» , «Махаббат қықы, мол жылдар» , «Махаббат мұңы» туындыларымен таныстардың құдіретті сезімді сыйламауы , «Дарабоз» , «Көшпенділер» , «Аласапыран» романдарын оқығандардың көшрелі қазақ тарихынан бейхабар болуы, «Бесеудің хаты» , «Қаһарлы күндер» , «Ұшқан ұяны» білетіндердің аштық, соғыс опатын ұмытып қалдыруы мүмкін емес!
Экраныңыздағы ғаламтор «пышағын» тек игілікке пайдаланыңыздар!

 

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді