Әлішер Әбілбеков

03 наурыз 2017, 21:00

Мен және Ғаламтор                    

«Мен және Ғаламтор» қазіргі таңда  бұл тақырып жастардың да, 40-тан асқан аға-әпкелеріміздің де арасында белең алған ауқымды дүние. Себебі, 21 ғасыр технология заманы болғандықтан, оған қоса ақпарат алмасудың қарқынды дамығандығынан ғаламтордың басымдылығын күнделікті өмірде көріп жатамыз.Таңын ғаламтормен аттырып, күні-бойы осы нәрседен бас тарта алмайтын ғаламтордың күші неде? Ғаламторды қолданбасақ қанша уақыт жүре аламыз?

Мен ғаламторды белсенді түрде қолдана бастаған кезім ол — 7 сынып. Сол кездері мектеп оқушылары арасында «Mail.ru агент» қондырғылары жақсы дамып жатқан кез. Күні-түні осы «агентпен» алтын уақытымызды кетіріп, оны елемей жүре беріптік. Қазір де, Instagram, Facebook, Вконтакте желілерінің құлы болғанымызды байқамай жүрміз.

Көп адамдар ғаламтордан түбегейлі бас тартып та жатады. Себебін сұрасаң, оның зияндылығын айтып жатады. Менің ойымша бұл дұрыс емес. Өйткені, қазіргі таңда ғаламтордан жаппай бас тарту ол қоғамда артта қалумен пара-пар.

Ғаламтордың жаман я жақсы тарапын адам өзі таңдайды. Өзіне керекті нәрсені жүктеп, оқып жатса неге оның зияны болу керек? Ғаламтордың зияндығын басым көретін адамның айтуы бойынша:

-Ғаламторда түрлі жаман сайттар бар, адамды психологиялық тұрғыда құртады дейді. Онымен толықтай келісемін. Дегенмен, адам нәпсіге берілмей, ерік жігері мықты болса оп-оңай жаман сайттан бас тарта алады. Яғни, ғаламтордың тек кемшіліктерін айта бермей, пайдасын көре білуіміз керек.

Сайып келгенде айтқым келгені, ғаламторда өмірімізді өткізгенде оған мұқият болуымыз қажет. Жай ғана желіде отырып, күнделікті білізділігімізді арттырсақ, тіл үйренсек ғаламтордың кемшілігі азайып, жастардың білімі артатын еді. Сол кезде «Мен және Ғаламтор» тақырыбын айтқанда яки ғаламтордың өзін еске алғанда, жас болсын я кәрі болсын  бірден жағымды эмоцияға толы пікірде боламыз.

Барынша ойымды жинақтауға тырысып бақтым. Не болса да, өздеріңіз ойларыңызды жазып, бағаларыңызды бере жатарсыздар. Көп рақмет.

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді