Ұлданай Сайфудинқызы

03 наурыз 2017, 21:00

Мен және ғаламтор
Ғаламтор-жаңа дамыған заманның қарапаті һәм қажеті. Бүгінде ғаламтор жастармен қатар қарт адамдардың да «Құдайы» болғанды деп айтсам артық болмағаны.  Бұл құдіреттің арқасында жаһанда сыр сандығындай сақталған құпиялар мен құндылықтарды құп танып жатамыз. Білгенің жақсы ғой әрине, дегенмен көп білгендік біздің жалынды жастарымыздың санасына қалай бойлар екен деген қаралы алып сұрақ ойға батырады.
Жақында осы құдіреттің көгілдірінде бөріні көліктің астына салып таптаған Бөрібатыр сымақты көрдім. Хайуанның жазығы не? Бәлки, талайдың жанын тоздырған болар, бірәдә ешбір тіршіліктің тірегі мұндай қорлыққа лайық еместі. Бір кездері ата-бабамыз сол бөріге табынып, пір тұтып, сый көрсетпеді ме? Ал,бүгінгінің ұрпағы кімге айналып барады?
Жәә, мұны қойшы. Тоғыз ай құрсаққа бітіп, жарық әлемге келмей жатып о дүниеге аттанған бейкүнә сәби ше? Анасынан−махаббат, жарық әлемнен−үміт күтіп үзілді емес пе?! Жүрек-өтін жарып шыққан шаранасын қолына алып, тәнінің жылулығын, жүрегінің тық-тық, дүрс-дүрс етіп елеусіз соққан дыбысын ести тұра, қалайша көкке лақтырды екен? Қанға жусанған сол қолдар неге сіресіп қалмады? Өз тәні мен жанынан бөлініп шыққан сәбиін ажалға тапсырған ананың шаруасы жайында да жантүршігерлік уақиғаны осы ғаламтордың құлағынан естідік. Бұл көріністі қалың қазақ көріп, жағасын ұстады. Онан кейін де жалғаса берді мұңлай сұмдықтар, ешбір тіреу қойылмады бұл бассыздықтарға. Қаншама сәбидің тағдыры қара жолдың қақ айырында тәмам болып, қаншамасына табиғат ана тылсымнан демеу жасап, қара жер әкелеріне, күлімкөз күн аналарына айналды. Бұ адамдардан табылмаған соң, тылсынан тартылған сый болатын.
Бөріні айттық, періштедей пәк сәбилердің торапты тағдырларын жырладық, айтылмаған не қалды? Мұнан да сорақысы−«Синий кит» деген ғаламтордың пр. іспеттес ойыны пайда болды. Мұнда қанмен жусалып өскен бе, әйтеуір қанға жеріккен жастарымыздың жаңадан ойлап тапқан заманның запыран ойыны атанды. Үш ұйықтасаң санаңа сарылмас, ақылыңа жуыспас шарттар қойып, ол орындалмаған жағдайда жақыныңның яки сенің жаңыңды жермен-жексен етеміз деген суық қоқаңдықтар. Ол біреудің кеудедегі соққан жүрегін суырып алар Құдай болғаны ма сонда?! Бұл қырқыңнан өлген жастарымызда болды.
Міне, осындай айтсаң айта беретін қаншама дүниелер сүттен қалқып шыққан қаймақтай шыға бермек. Мұның бәрін біз, мына қарапайым халық осы ғаламтордан естіп, көріп, тұшынып жатамыз. Жақсы һәм жаман дүниелер де баршылық, жақсысынан ғибрәт алсақ дұрыс ғой. Бірақ, біреудің бір жаманын көріп, екінші бір делқұлылар да соны қайталап жатады.
Мен ғаламтордың тек кембал тұстарын айтып қақсадым-ау! Жарқын тұстарын айтып өтпесем де болмас, жақсылығы−қаншама қашықтық араны жарып тұрса да әлеуметтік желіде танысып, үй болып жатқан отбасылар.
Шіркін, ата-бабамыздың кезінде осы ғаламтор болмаса да танысып-табысып жататын. Ол заманның  ғаламторы-жеңгелеріміз болушы еді, сол жеңгелер әлі күнге дейін өз қызметтерін жақсы атқара бергенінде неше түрлі сұмдарды көріп, аяғымыз ақсаңдамаушы ма еді, кім біледі? Десе де, біз Қазақ деген намысты, өрлі, текті халықпыз. Шет елден келген қақпас жаңалықтардың соңынан ермей, нәфрәт қылықтарды бойға сіңірмей, ар-намысымызды жаннан артық сақтап, Қазақ болып қалуымыз керек!

 

 

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді