jasqazaq.kz

Қызылордада бу-газ қондырғысын іске қосу, реттеу жұмыстарының белсенді кезеңі басталды

Бүгін, 12:47

Қызылорда облысындағы ең ірі инвестиция түркиялық «Aksa Energy» компаниясының тікелей жеке салымы есебінен жүзеге асырылып жатқан жобаның бүгінде қуаттылығы 240 МВт электр және жылу энергиясын өндіру көлемі 277 Гкал болатын жаңа бу-газ қондырғысын (БГҚ) іске қосу, реттеу жұмыстарының белсенді кезеңі жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жаңа технологиялар негізінде жүзеге асыру, цифрлық трансформацияны жеделдету және жасанды интеллектті кең көлемде енгізу мақсатындағы жобалардың қарқынын арттыру үстінде десек, озық технологиялар осы аталған электроэнергетика саласының да жұмыс сапасына белсенді әрі оң әсер етуде.

Өңірдегі ең ірі инвестиция ретінде жүзеге асырылған бұл жоба аймақтың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін толық өтеуге бағытталған. Қазіргі уақытта екі газ турбиналы қондырғы тәулік бойы жұмыс істеп, біртұтас энергия жүйесіне 170 МВт қуат беріп отыр. Электр станциясының үздіксіз жұмыс істеуі үшін ұзындығы 45 шақырым болатын газ құбыры тартылды. Құны 15 млрд теңгені құрайтын бұл инфрақұрылым нысаны станцияны тұрақты отынмен қамтамасыз етеді. Энергетикалық жобаларда мұндай жүйелі тәсілдің маңызы зор, себебі тұрақты отын болмаса өндіріс ақсайтыны белгілі. Жаңа станцияның іске қосылуы республикамыздың оңтүстік аймағы үшін қосымша генерацияны қамтамасыз етуге жол ашады. Жақын арада тағы бір бу турбинасын пайдалануға беру жоспарланған. Бұл аталған станцияның жобалық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта екі газ турбиналық қондырғы тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Бұл Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесіне 170 МВт қуат беріп, елдің оңтүстік аймағын қосымша электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Бұдан бөлек қуаты 95 МВт болатын тағы бір қондырғыны іске қосу жоспарлануда. Қазіргі кезде пуско-наладтық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ мекемеде 400 адам еңбек етеді, олардың басым бөлігі осы елдің азаматтары. Көне станция мен жаңа орталықтың айырмашылығы сол, қазіргі станция толық компьютерлендірілген жүйе арқылы жұмыс істейді, яғни барлық процесс компьютер арқылы басқарылады. Жоба аясында АҚШ, Италья, Чехия және Түркияның озық цифрлық және автоматтандырылған технологиялары енгізіліп, өндірістік процестер толық цифрлық бақылауға алынған», – дейді «Aksa Energy» компаниясы директорының көмекшісі Камал Мададов.

Қызылорда бу-газ қондырғысын іске асыру – энергетика министрлігінің елімізде энергетикалық негізді жаңарту бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоспарларының бірі. Биыл республикада дәстүрлі және жаңартылатын энергияның рекордтық 2,64 ГВт қуатын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Биылғы жылдық жоспарға төрт бу-газ қондырғысын, екі жел және төрт күн электр станциясын іске қосу, сонымен қатар екі нысанның қуаттылығын арттыру жұмыстары енгізілген. Жаңа энергия нысандары жылына шамамен 16 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Бұл кешенді жұмыстар 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығын толық жоюға, ал 2029 жылға қарай электр және жылу қуаттарының тұрақты профицитін қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді.

Айта кетейік, былтыр Мемлекет Басшысының тікелей бақылауымен межеленген мерзімінен бұрын пайдалануға берілген құны 215 млрд теңгеден асатын жылу-электр станциясының құрылысы сарапшылар тарапынан ТМД елдерінде теңдесі жоқ заманауи орталығы ғана емес, энергетикалық қауіпсіздіктің жаңа кезеңі деп бағаланған. Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кейінгі жылдары тұрғындарды электр энергиясымен тұрақты қамту бағытында 24 млрд 200 млн теңгеге 71 жоба жүзеге асырылып, тозған желілер 60,8 пайыз төмендеген. Алда қуаты 1100 МВт болатын жаңа бу-газ қондырғысының жобалау жұмыстары басталады. Сонымен қатар жоғары вольтті электр беру желілері мен магистральды газ құбырларын салу жоспарлануда.

Айжан Жұмабекқызы
Қызылорда облысы

Бүгін, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт
Бүгін, 15:08
Туркестан: Мощность завода по производству холодильников достигнет 50 тысяч единиц в год
Бүгін, 15:07
Туркестан: Весенне-полевые работы и орошение ведутся в соответствии с планом
Бүгін, 12:17
Кадырболат Мусагалиев: Основная цель - повышение статуса государственного языка в общественном пространстве
20 сәуiр, 16:12
Туркестан: Ведется комплексная работа по развитию инфраструктуры питьевого водоснабжения
20 сәуiр, 15:58
Қызылордадағы зауыттар цифрлық басқару арқылы бақыланады
20 сәуiр, 14:46
Туркестан: Работы по ремонту дорог идут полным ходом
20 сәуiр, 14:42
Туркестан: Объездная дорога в Сарыагаш усилит международные транзитные связи
20 сәуiр, 14:39
Туркестан: В Келесском районе особые показатели по привлечению инвестиций