jasqazaq.kz

Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады

Бүгін, 18:31

Қызылорда облысында инвесторлардың күшімен салынатын тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңі басталды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және оларды терең өңдеуге бағытталған ірі аграрлы жобаның бастамашысы – швейцариялық Harvest Agro компаниясы.
Жоба былтыр қазан айында жасалған ауыл шаруашылығы министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және Harvest Agro компаниясы арасында қол қойылған үш жақты негіздемелік келісім аясында қолға алынуда. Жалпы аумағы 23,5 мың гектар жер телімінде жүгері және соя дақылдарын өсіру және қайта өңдеу жоспарланған. Жобаның бірінші кезеңін іске қосу 2026 жылға белгіленген. Осы кезең аясында 8,5 мың гектар суармалы жер айналымға енгізіліп, тұқым өңдеу зауыты салынады. Осыған байланысты кеше Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, Harvest Agro компаниясының агроиндустриалды кластерін құру жобасының бірінші кезеңін іске қосу және алғашқы дән себу рәсіміне қатысты.

Бұл іс-шараға Harvest Kazakhstan серіктестігінің бас директоры Дәулет Увашев, Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов, Жамбыл, Түркістан облыстарынан арнайы делегация, аудан әкімдері мен өңірлік қаржы және даму институттарының, шаруашылық құрылымдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

«Президентіміздің қолдауымен облыстың егін шаруашылығын әртараптандыруға, су ресурстарын үнемдеу технологиясын кеңінен енгізуге алдағы үш жылға 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл осы мақсатқа 10 млрд теңге қаржы қарастырылды. Бұл – Мемлекет Басшымыздың Сыр диқандарына көрсетіп отырған ерекше қолдауы.
Су ресурстарының азаюы бұрынғы дағдыларды қайта қарауды, табиғатпен үндес, үнемшіл әрі тиімді жолдарды таңдауды талап етті. Бүгінгі бастама – жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, өңіріміздің экономикалық әлеуетін, халықтың әл-ауқатын арттыратын стратегиялық маңызды қадам. Жобаны жүзеге асыруға бастамашы болып, зор үлес қосқан инвесторларға тағы да шынайы алғысымызды, зор ризашылығымызды білдіреміз. Зауыт құрылысының сәтті аяқталуына, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектеспін», – деді іссапар кезінде Нұрлыбек Нәлібаев.


Рәсімде облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, Harvest Agro серіктестігінің басшысы Дәулет Нұрланұлы сөз сөйлеп, ел ағасы Биғали Әбдікерұлы ақ батасын берді. Сонымен қатар агроиндустриалдық кластер құру жұмыстарын сапалы жүргізіп, жобаның жүзеге асуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кету керек, жобаның бірінші кезеңінде 8,7 мың гектар суармалы жерге жүгері, екінші кезеңінде 32 мың гектарға жүгері, соя, техникалық қарасора егіліп, 68 млрд теңгеден астам қаржыға дақылдарды терең өңдейтін жаңа өндіріс орны ашылады. Зауыт заманауи жоғары сапалы технологиялармен жабдықталып, 140 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Жоба ауылшаруашылығын дамытуға, суармалы жер көлемін ұлғайтуға және өңделген өнім экспортын арттыруға бағытталған. Қазір 30 мың гектар жер игерілуде, ал алдағы уақытта бұл көрсеткішті 300 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланған. Егін өсірумен қатар өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу біртұтас жүйе ретінде дамытылады.


Бүгінде негізгі инфрақұрылым жұмыстары қарқынды түрде жүргізілу үстінде. Қараөзектен суару арналары тартылып, 142 жаңбырлатқыш қондырғы орнатылуда. Бұл су ресурстарын 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұнымен қоса егіс алқаптарын бақылау және басқару үшін цифрлық жүйелер, жасанды интеллект элементтері енгізілуде. Алғашқы кезеңде 80 мың тоннаға дейін жүгері өнімін алу жоспарланған. Жобаның екінші кезеңінде егіс алқаптарының көлемін екі есеге ұлғайтып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу қуаттылығын жылына 60 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұл – елімізде ірі агроөнеркәсіптік кластер қалыптастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі.
Айжан Жұмабекқызы,
Қызылорда облысы

Бүгін, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
Бүгін, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
Бүгін, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
Бүгін, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
Бүгін, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт