jasqazaq.kz

Құқық үстемдігі орнаған елде экономикалық тұрақтылық жоғары

13 сәуiр, 15:14

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Әлемдік бәсекелестік жағдайында кез келген мемлекеттің табысты дамуы оның заңнамалық негізінің сапасына байланысты екені белгілі. Сондықтан бұл шешімдер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, шетелдік инвесторлардың сенімін күшейтуге ықпал етеді. Себебі құқық үстемдігі орнаған елде экономикалық тұрақтылық та жоғары болады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция Қазақстанның халықаралық аренада өз орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Біздің жаңа Конституциямыз – мемлекеттің дамуына және әлемдік модернизация көшінен өз орнымызды айқындауға бағдар беретін Стратегиялық маңызды құжат.

Оның басты ерекшеліктері ең алдымен демократиялық құндылықтарды нығайтуға және халықтың билікке қатысу мүмкіндігін кеңейтуге негізделген. Онда алдымен билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге арналғанын байқауға болады. Президенттің өкілеттіктері біршама шектеліп, Парламент пен Үкіметтің рөлі арттырылды. Бұл өзгерістер елдегі басқару жүйесін әділ әрі тиімді етуге, яғни әділетті қоғам орнатуға бағытталған.

Бұл құжатта ең бастысы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесі басты назарға алынған. Конституциялық Соттың құрылуы – соның айқын дәлелі. Азаматтардың өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік алуы қоғамдағы әділеттілікті арттырып, елдің халықаралық беделін көтереді. Бұл да жаһандық бәсекеде маңызды факторлардың бірі.

Конституцияда жалпыға деген бетбұрыстың бастауы жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені нақты бекітілді. Бұл – ұлттық байлықты сақтау мен оны әділ пайдалану қағидаларын нығайтатын маңызды қадам.

Сонымен қатар, саяси жүйедегі модернизация арқылы ашықтық пен әділдікке жол ашатын реформалар жүргізілді. Сайлау жүйесінің жетілдірілуі және партиялық жүйенің дамуы қоғамдағы сенімді күшейтеді. Іс жүзінде партияларды тіркеу талаптары жеңілдетіліп, сайлау жүйесіне өзгерістер енгізілді. Бұл қоғамдағы пікір алуандығын дамытуға ықпал етеді. Ал бұл өз кезегінде тұрақты әрі бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыруға негіз болады.
Дегенмен, Конституцияның тиімділігі тек қағаз жүзінде емес, оның іс жүзінде орындалуына байланысты. Егер заң нормалары толық сақталып, реформалар жүйелі түрде жүзеге асса, Қазақстан жаңа Конституция арқылы әлемдік бәсекелестікте лайықты орын ала алады. Ол үшін Конституцияны жалпыға түсіндіру жұмыстарының ролі ерекше. Сондықтан осы мәселе біздің мемлекетіміздің алдындағы күн тәртібіндегі өзекті мәселе болмақ. Оны жүзеге асыруда әртүрлі форматтар мен әртүрлі аудиториямен өткізуге болатынын ескеру қажет. Еліміздің болашағы саналатын оқушылар мен студенттер арасында мектептерде, колледждерде, университеттерде жаңа Конституция материалдарын дәрістер мен семинарлар барысында кеңінен қолдану керек. Жастар ұйымдары арасында жастардың қызығушылығын арттыру үшін пікірсайыс (дебаттар) ретінде өтсе, мемлекеттік қызметкерлер арасында дөңгелек үстелдерде пікір алмасу қажет. Әрине, заңгерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдері ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) арасында тренингтер мен воркшоптар арқылы практикалық түсіндіру жүргізсе нәтижелі болмақ. Сонымен қатар, қарапайым тұрғындар арасында халық көп жиналатын жерлерде акциялар мен ақпараттық кездесулер, интернет арқылы кең аудиторияға онлайн вебинарлар, әлеуметтік желілердегі түсіндірме контенттер – видео, пост, сторис форматында дүниелер өз нәтижесін бермек.
Қорыта келгенде, Конституцияны түсіндіру жұмыстары қолжетімді, қызықты және түсінікті форматта, әртүрлі әлеуметтік топтарға бейімделіп өткізілуі керек деп есептеймін.

Жомарт Симтиков, 

саяси ғылымдарының докторы, Абай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің
кафедра меңгерушісі

Бүгін, 14:31
Реальный результат языковой политики в Созакском районе
Бүгін, 14:15
Туркестан: В Ордабасы запускаются новые инвестиционные проекты
Бүгін, 13:51
Туркестан: Вклад урановой компании в социально-экономическое развитие региона
25 сәуiр, 16:19
Туркестанская область укрепляет стратегическое сотрудничество с иностранными инвесторами
25 сәуiр, 16:05
Налажено сотрудничество по вопросам развития международного аэропорта в Туркестане
25 сәуiр, 15:58
Туркестан: На повестке дня - развитие сферы образования
25 сәуiр, 15:30
Поколение, которое читает книги: в Туркестане интерес к чтению растет
23 сәуiр, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
23 сәуiр, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов