jasqazaq.kz

Қостанайда салық мекемесінің қызметкері бизнес құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

16 сәуiр, 13:12

Қостанай қаласының прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын талдау барысында кәсіпкерлік субъектісінің құқықтарының бұзылуын анықтады.

Салық органының бұйрығы негізінде қала кәсіпкерлерінің біріне қатысты хронометраждық зерттеу жүргізілгені анықталды.
Тексеру барысында фискалдық органның лауазымды тұлғалары тексеру объектілерінің кіреберістерін күн сайын мөрлеп отырды.
Алайда мұндай әрекеттер мемлекеттік кіріс органдарының хронометраждық зерттеу жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделмеген.

Салық органының бөлім басшысы орын алған жағдай туралы хабардар етілгеніне қарамастан, бизнес субъектісінің құқықтарының бұзылуына жол бермеу шаралары қабылданған жоқ.

Осыған байланысты, қала прокуратурасы лауазымды тұлғаның әрекетсіздігі үшін әкімшілік іс қозғады, ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабына сәйкес сараланды.
Материалдар сотқа жолданды.

Қарау қорытындысы бойынша сот қадағалау органының уәждерімен келісіп, лауазымды тұлғаны кінәлі деп танып, 100 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

JQ-Aqparat

фото: gov.kz

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы