jasqazaq.kz

Қорғаныс министрі Родина ауылында әскери-тарихи музей филиалын ашты

Бүгін, 15:27

Ақмола облысының Родина ауылында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-тарихи музейі филиалының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шара Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Ескерткіште Жеңісті жақындатуға үлес қосқан 130-дан астам ақмолалықтың есімі қашап жазылған. Рәсімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғам өкілдері және өңір тұрғындары қатысты.
Жаңа музей кешені жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мен тарихи жадты қалыптастыруда маңызды нысанға айналып отыр. Экспозицияда Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қару-жарақ пен әскери техника үлгілері, архивтік материалдар, жауынгерлік тулардың түпнұсқалары, сондай-ақ Ақмола өңірінің Жеңісті жақындатуға және елдің дамуына қосқан үлесі туралы баяндайтын жәдігерлер қойылған.
Әскери-тарихи музейдің филиалы «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрдің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен ашылып отыр.
Музейді ашу ісіне Халық қаһармандары армия генералы Мұхтар Алтынбаев, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, сондай-ақ генерал-полковник Руслан Жақсылықов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов және басқа да азаматтар елеулі үлес қосты. Жобаны жүзеге асыру үшін құрамына әскери-тарихи музей қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен «Родина» агрофирмасының мамандары кірген жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, Марат Құсайынов жетекшілік ететін «Мемориалдық аймақ» іздестіру жасағы зор көмек көрсеткенін атап өту керек.
Музейдің негізгі міндеті – келушілерді өңір мен Родина ауылының тарихымен таныстыру, туған өлкенің батырларының есімін мәңгі есте қалдыру, сондай-ақ олардың ерлігі мен жанқиярлығы үлгісінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру. Музейді ашу барысында заманауи әскери-музейлік кешендерді қалыптастырудағы озық шетелдік тәжірибе ескерілді.
Музейдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қорғаныс министрі ұрпақтар сабақтастығының ерекше маңызын атап өтті.
«Бүгін біз жай ғана музей емес, болашақ құрметпен ұрпақ тәу етер тәрбие орнын ашып отырмыз. Мұндай жобалар арқылы жастар бейбіт өмірдің қадірін, аға буынның ерлігін және Отанға қызмет етудің маңызын тереңірек түсінетін болады. Тарих тек оқулықтарда немесе цифрлық кеңістікте ғана болмауы керек, оны көріп, сезіне білу қажет», – деп атап өтті авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.
Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Әсенов музей ісін дамыту жастардың патриоттық санасын қалыптастырудың маңызды бөлігі екеніне тоқталды.
«Мұндай музейлер балалардың өткен тарихпен танысып, ата-бабаларымыздың ерлігінің нақты айғақтарын көзбен көріп, жүрекпен сезінуіне мүмкіндік беру үшін ашылады. Патриоттық сезім өз тарихына, мәдениетіне және аға буынның ерлігіне деген құрмет арқылы қалыптасады. Келешекте осындай музейлер еліміздің барлық ауылдарында ашылуы үшін бар күшімізді саламыз», – деді ол.
Музейге 100-ден астам жәдігер қойылған. Олардың қатарында 1939-1944 жылдары шығарылған 16 әскери техника бар. Атап айтқанда, бронды техника, артиллериялық жүйелер, ұшақ үлгілері, атыс қарулары және әскери тұрмысқа қатысты заттар. Көптеген жәдігерлер бұрын Қарулы күштер әскери-тарихи музейінің қорында сақталған.
Экспозицияның жекелеген бөлімдері ақмолалық батырларға, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, сондай-ақ өңір мен Қазақстан Қарулы күштерінің дамуына арналған.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы мен «Жас сарбаз»и балалар студиясының өнер көрсетуімен аяқталды.

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее