jasqazaq.kz

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

23 сәуiр, 23:25

Астанада Қазақстандағы Ресей Федерациясының мәдениет күндерінің ашылу салтанатында ауқымды гала-концерт ұйымдастырылды.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық корпусы мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Гала-концерт бағдарламасында бүкілресейлік және халықаралық байқаулардың лауреаты Софья Онопченконың, башқұрттың «Ay Yola» фолк-тобының, «Саха (Якутия) Республикасының мәдениет саласының үздігі» құрметті атағының иегері Олена Уутайдың және өзге де өнерпаздардың хореографиялық, аспаптық және вокалдық-аспаптық нөмірлері ұсынылды. Сонымен қатар қалмақтың халық музыкасы мен буряттың халық әндері шырқалды. Кеште Мәскеу мемлекеттік академиялық «Гжель» би театры, Дағыстанның еңбек сіңірген академиялық «Лезгинка» би ансамблі және Қалмақия мемлекеттік «Ойраты» би театры өнер көрсетті.
Айта кету керек, Қазақстандағы Ресей Федерациясының мәдениет күндерінің бағдарламасы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған мазмұнды іс-шараларды қамтиды. Осы күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мәдени дәстүрлерді біріктіру және заманауи шығармашылық тәжірибелер: Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығы» атты дөңгелек үстел өтіп, онда жаңа бірлескен жобалар талқыланды. Бұдан бөлек, елордада Қазақстандағы Ресей киносының фестивалі басталды. Фестиваль көрсетілімдері 26 сәуірге дейін жалғасады. Ал, мәдениет күндерінің ашылуындағы ең басты оқиға Ресей өнерпаздарының гала-концерті болды.


Осыдан алты ай бұрын Ресейде Қазақстанның мәдениет күндері табысты өткен болатын. Оның аясында көрермендер Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің қорынан жасақталған «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесімен танысып, Қазақстан киносы күндеріне қатысып, сондай-ақ «Парасат майданы» спектаклін тамашалады. Бағдарлама Үлкен театрда ұйымдастырылған Қазақстан өнерпаздарының гала-концертімен аяқталды. Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен айтулы оқиға мазмұнды бағдарламасымен айрықша әсер қалдырды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті