jasqazaq.kz

“Қазақмыс” нысандарынан ірі көлемде ұрлық жасады деген күдіктілер ұсталды

13 мамыр, 9:00

Ұлытау облысында өткен жылдан бері полиция «Қазақмыс корпорациясы» аумағынан ұрлық жасаған бірнеше қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келтірілген шығынның 94,5%-ы өтелді, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

— Ұлытау облысында өткен жылдан бері полиция «Қазақмыс корпорациясы» аумағынан ұрлық жасаған бірнеше қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келтірілген шығынның 94,5%-ы өтелді. Мысалы, жергілікті қылмыстық топтардың жетекшілігімен әрекет еткен қылмыстық топ мүшелері сотталды. Олар құрамында бағалы металдардың мөлшері жоғары кен қорытпаларын ұрлау схемасын ұйымдастырған. Тек биылдың өзінде полицейлер ірі көлемде шығын келтірілген төрт ұрлықты ашты. 7 мамыр күні Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп компания аумағынан жанармай ұрлауға байланысты заңсыз әрекеттердің жолы кесілді. Жедел іс-шаралар барысында ұрлықты ұйымдастырды және кейін жанар-жағармай материалдарын сатумен айналысты деген күдікке ілінген тұлғалар ұсталды. Бір тоннадан астам жанармай, ірі көлемдегі қаражат, көлік құралдары, оқ-дәрілері бар қару және заңсыз схемада пайдаланылған өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу барысында ұрлық арнайы техникаға жалған жанармай құю және құжаттарды қолдан жасау арқылы жүзеге асырылғаны анықталды. Сонымен қатар күзет құрылымдарының жекелеген қызметкерлері тарапынан көмек көрсету факілері де әшкереленді. Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шараларының кешені жүргізілуде, қаржылық-шаруашылық құжаттамаға талдау жасалып жатыр, келтірілген шығын көлемі анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша шығын аса ірі көлемде болуы мүмкін, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар