jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Өзара ынтымақтастығымыздың жарқын болашағына зор қадам жасаймыз

Бүгін, 13:22

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды.
Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребителдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Қазақстан Президенті Түркия басшысына ілтипат көрсетті.
«Жоғары мәртебелі Президент мырза, қадірлі бауырым, Өзіңізбен Қазақстанның елордасында жүздескеніме өте қуаныштымын. Ең алдымен, менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Сапарыңыздың мән-мағынасы ерекше, өте жоғары деп айтсақ артық болмайды. Себебі бұл, шын мәнінде, тарихи оқиға. Бұл сапар елдеріміздің ынтымақтастығына үлкен серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Екі ел арасында тек қана достық, бауырластық, мәңгілік серіктестік қарым-қатынас қалыптасқан. Арамызда ешқандай түйткіл немесе шешілмеген мәселе жоқ. Қош келдіңіз!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда, Мемлекет басшысы былтыр Анкараға жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алды: «Біз Анкарада Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бесінші отырысын өткіздік. Өте маңызды шешімдерге қол жеткіздік. Бүгін Кеңестің алтыншы отырысы болады. Ауқымды бизнес форум өтеді. Өзіңізбен бірге Астанаға үлкен делегация келді. Сондықтан сапарыңыз ойдағыдай өтеді деп ойлаймыз. Осылайша, өзара ынтымақтастығымыздың жарқын болашағына зор қадам жасаймыз:, – деді Қазақстан Президенті.
Режеп Тайип Ердоған бауырлас қазақ елінің көрсеткен құрметіне алғыс айтты.
«Ең әуелі, бауырымыздың атажұртқа арнайы шақырғанына ризашылығымды білдіргім келеді. Бізге айрықша қонақжайлық танытып отырсыздар. Қазақ елінің шекарасынан өткеннен қапталдаса ұшқан ұшақтармен қарсы алып, менің делегацияма үлкен құрмет көрсеттіңіздер. Бұл бізді ерекше қуантты. Әрине, мұны ұмытпаймыз. Бүгінгі сапар бауырлас халықтардың ынтымағын арттыруға зор септігін тигізеді деп сенемін», – деді Түркия Президенті.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата