jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Көшбасшылар жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселесіне жауапкершілікпен қарауы тиіс

17 сәуiр, 19:45

 

Түркияда өтіп жатқан Анталия Дипломатиялық Форумында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық көшбасшылардың ғаламдық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету мәселесінде жауапкершілік танытуы қажеттігін атап өтті.

Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды: «Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет деп санаймын. Қазіргі сәтте стратегиялық ұстамдылық өте маңызды. Менің ойымша, бүгінгі күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы әлемдегі шиеленістердің түйінін тарқату аса қиын емес. Жай ғана жауапкершілік танытып, сабырлы болу қажет».

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты пікірін жеткізді. Президент келіссөздер барысында басты мәселелерге ден қою керек деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әлемде орын алған жағдайларға байыппен қарауға кеңес берер едім. Мәселен, бәрі Иранды талқылап жатыр. Әрине, бұл елдегі ахуал өте күрделі. Оған қатысты қандай да бір пікір айту қиын. Қазақстан Шығанақтағы елдерге тілектестігін білдірді. Біз тараптарды стратегиялық ұстамдылыққа және әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырдық. Бұл қақтығыстың ауыр салдарын бәрі сезінді. Ең әуелі экономика құлдырады. Бүгінде Ормуз бұғазында кемелердің еркін жүзуіне қойылған тосқауыл туралы айтылып жатыр. Бірақ дәліздің қақтығысқа дейін еркін сауда жасауға ашық болғанын ескеру қажет. Сондықтан мәселенің мәніне үңілгеніміз жөн. Ал түйткіл ядролық технология мен ядролық қарудың таралуында еді. Бұл Иран төңірегіндегі қақтығысқа қатысты келіссөздердің басты тақырыбына айналуы керек. Бірақ қазір жаһандық сауда мәселесін талқылауға көшіп кеттік. Қиындықтарға қарамастан, ғаламдық сауда-саттық көлемі өсіп келеді. Былтырдың өзінде өсім 2,5 пайызды құрады. Яғни әлемдік саудадағы жағдай жаман емес. Алайда сауда-саттықтың сапасы мен мазмұны – үлкен проблема», – деді.

JQ-Aqparat

Сурет: aqorda_resmi

 

 

17 сәуiр, 17:34
Наркотики, короткая «карьера закладчиков» и безопасность врачей: разъяснительную встречу провели для столичных медиков
17 сәуiр, 16:28
Аида Балаева: ҰБТ жүйесін өзгерту – тестілеуден бас тарту емес
15 сәуiр, 15:51
«Закон и порядок»: лекцию о цифровой безопасности провели для столичных школьников
10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы