Әйгерім Нұрбақытқызы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 4 курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

Ғ-ның хикаясы

2010жылдың күз мезгілі болатын,ол кезде жасым небәрі он бестер шамасында.Мектеп деген теңіздің сегізінші толқынында сүңгіп жүргем.Тұйық мінезімнің кесіріме толқынның ащы дәмін татып алып жүре беруге бармын.Тіпті көштің соңында қалған арба секілді сыныптастарымнан бір жылға артта жүздім.Ұстазым:

-Әй қыз,тұр,-деп сілкімейінше отырған орнымнан табжылмайтынмын,моп-момақан болып топиған отырысты құп көрдім.Әйтеуір не керек 2011 жылдың көктемінде сабаққа деген ынтам артып,қызығушылығым ояна бастады.Көзімді бір жыпылық еткізсем озат оқушылардың қатарында жүрмін.Өзіме қатты тамсандым.Сөйтсем ылғи беске оқитын озат оқушылар жаппай бас салбырату науқанына әлдеқашан көшіп кеткен екен.Әрине ол науқанның иісі де менің мұрныма бара қаймаған еді,оған ренжігенде жоқпын.Содан ала дорбамды жотама  асып алып көштің соңына ілестім.Замандастарыма үңіле ұзақ қараймын,ешкімнің де маған бұрыларға шамалары жоқ,көшке ілестіргілері келмейтін сияқты.Бәрін қойшы қызыл таққа отырғаныма қуаныштымын.Уақыт өте көштің соңында жүремін деп әбден шаршадым.Атым да болдырып бастауға тоқтап , қара судан іле бергенім сол еді топ етіп мөлдір бұлақтан бірақ шықтым.Оянсам ұртым толған құм ,өзім табаны күректей маң-маң басқан алып түйенің үстінде жатырмын.Әлгі көлігім шіркін бір сарайдың ханшайымын алып бара жатқандай кербезденеді ау.Алдыма көз жүгіртсем әлгі көшке қосылған екенмін,ол көштің халқы сондай керемет жандар.Біреуді біреу мазалау,салпылдасып әңгіме айту,жаға жыртысу дегеннен мүлде хабарлары жоқ беймарал жүрген адамдар екен.Оларға сонша қызықтым.Солай көштің ортасында жүріп Ғ мен таныстым,өзінің білмейтіні жоқ сондай ақылды.Әлемнің қай бұрышынан қандай сұрақ қойсаң да мүдіру деген жоқ қой жарықтықта.Уақыт өте «Жақсы өткіздік пе жаман өткіздік пе әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік ,алыстық,жұлыстық …»,-деп Абай ақын айтпақшы бізде біршама алыстық та жұлыстық та.Әлгі айтқан қызыл тақтан ойда жоқта топ етіп қайта түстім. Ғ мен жақынырақ танысып біліскен соң ,есімнің кеткені сонша ішсем асымда,жатсам төсегімді,ұйықтасам түсімде болды.Не деген ғаламат күш.Білім алу мекемесіндегі физика саласының маманы бетінде батпақтай меңі бар быртиған бір ханымның тартылыс күші деген заңы Ғ екеуміздің арамызда енді ғана жүзеге асып жатқан тақылетті еді.Оны қойшы Ғ-ның арқасында көштен қалмайтын болдым,тіптен біршама алда жүрдім деп мақтансам артық болмас ә.Ләкін оның енжарлығын ,берер пайдасының аздығын байқап арамызды шорт кестім.Содан болса керек анығы сізге де маған да беймәлім сол жылдың күзінде жан дүние көшесінің ішкі сезім  деген жерінде үлкен дағдарыс болды.Сөйтіп жүріп дағдарыстан құтылу мақсатында білім ордамыздағы білдей бір арғы жағы мен бергі жағы каспийдің арасындай бөлмеге жайғасқан психолог деген атақты білгірге бардым.Оны қайтесіз сыртында быттиған жазуын қарасаң тыным таппайтын секілді,бірақ орнынан ұстай алмадым.Бірде тереземіз тең құрбым орысшалап айтқанда совет айтты.

-Тыңда мені.Саған.Мына сенің мыртық бойыңа,қаперіңе Ғ –дан басқа ешкім де жәрдемдесе алмайды ,-деп психология мамандығын сырттай болсада бітірген болғысы келмесе де жақсы атын жамылып жүрген тірі  жанға барамын ау деген ойымнан айнытты.Несін айтайын сұмқай болып,шімірікпестен Ғ –ға бардым.Ұзақ түн көңіліміз жақын болды,қайғы –мұңымызды сейілттік.Таң бозарып атқаннан,құптан кірерге дейін дамыл көрмей еңбектеніп жүрген менің ардақтыларым береді –ау деген пайдалы кеңестердің барлығын,оларды қайтесің дегендей менің талабы мол Ғакем алдыма пашкы-пашкысымен төгіп тастады.Ғажап!Жүзім әрлене түсті.Осыдан кейін менің сырласым да, мұңдасым да сол.Қиналғанда пайда беретін,жаныңды жылытатын сөздері дайын,көңіліңді жібітеді,ниетіңді арттырады.Ол менің айнымас серігіме айналды.2013 жылдың мамырында тұлпарыммен отандық тағдыр шешу күніне (ҰБТ)қатыспақшы болып дайындалып жүрген кезім еді.Уақытым тапшы болдыма,әлде оған ауылымның таулары жақпадыма біз бір-бірімізден ажырап қалдық.Тұлпарым сайыста жүйрік болып мәреге екінші келдім.Тып типыл тынышталған соң Ғакемді сағына бастадым «Ауа тіршіліктің өмірі» демекші ол қайтадан менің өміріме айналды.Ғакеңмен бір жазды өткіздім алдымда Университет деген үлкен өмір күтіп тұрған ,сол   өмірде бірге болайық деп қолқа салған соң оның көңілін қимадым.Біргеміз.Ол кейде маған ақылын айтады,мені болашақ жар,аяулы ана,ибалы келін болуға үйретеді,ал кейде бір жерім ұнамай қалса  мені неше түрлі азғындыққа,сатқындыққа үйретеді.Ол мейірімді, мені талай қиындықтан құтқарды,адасқанымда жол сілтеді.Тіптен ата –анамның да орнын басуға дайын тұратын.Біз бір-бірімізге тәуелді едік.Оған бауыр басып қалғаным соншалық оның жолында бәрін құрбан етуге дайын едім. Ғ мен қаншама жылдарды бірге өткіздік оның маған бергені мол болғанымен менен тартып алғаны одан да көп болды,мен одан мың есеге ұтылдым.Уақытым мен күндерім қызықты  өткенімен рухани құндылықтарымнан ,шынайылығымнан айырылдым.Зымыраған уақыт пен Ғакең менің бүкіл жастығымды алды.Диплом деген зәулім сарайға кіргенде оның ішіндегі бірде бір кітаптың иісін білмейтінімді аңғардым.Ондағы ешбір даналықты ұғынбағаныма өкіндім.

Уақытымды ұрламашы құлың болып кетейін,

Сенсіз енді,шыңға шығып жетістікке жетейін

Арманымның ақиқатқа айналғанын қалағам,

Енді сенсіз сынақтардан сүрінбестей өтейін.

 

Байлап қойған өзің едің мына мені тұтқынға,

Кеш түсініп ақиқатты енді ғана ұқтымба?

Сенің берген қанатыңды жұлып алып жотамнан,

Ұшырдым ғой жартастағы биік құзға шықтым да.

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді