jasqazaq.kz

Инвестициялар мен таланттар басымдықта: Қазақстан көші-қон саясатын жетілдіруде

21 сәуiр, 20:29

Қазақстанда инвесторлар, кәсіпкерлер және сұранысқа ие мамандар үшін елге кірудің жеңілдетілген ережелері қолданылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Қазақстанның көші-қон саясаты шетел азаматтарының келу мақсаттарына қарай сараланып құрылады, яғни еңбек көші-қоны мен тұрақты тұруға көшу нақты ажыратылады.
Оның сөзінше, мұндай тәсіл білікті мамандар үшін экономиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, елге құнды кадрларды тарту үшін жеңілдетілген кіру тәртібі енгізілген.
«Инвесторлар, сұранысқа ие мамандық иелері – барлығы жұмысқа орналасу үшін жеңілдетілген тәртіппен келеді. Бізде Еңбек министрлігінің бұйрығы бар, онда 51 сұранысқа ие мамандық анықталған. Олардың қатарында, мысалы, жасанды интеллект инженері, нейрохирург дәрігерлер және т.б. бар», – деді Асқарбек Ертаев.
Инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін жекелеген шаралар, арнайы визалық режимдер және өтінімдерді жедел қарау рәсімдері қарастырылған. Сонымен қатар, ЕАЭО аясында ортақ нарықта еңбек ресурстарының еркін қозғалысын қамтамасыз ететін еркін жұмысқа орналасу режимі әрекет етеді.
Асқарбек Ертаевтың айтуынша, ұлттық еңбек нарығын қорғау үшін жеңілдікті тізімдерге кірмейтін шетелдік жұмысшыларға квоталау тетігі қолданылады.
Сонымен қатар, Қазақстан азаматтығын алуға үміткер шетел азаматтарына белгілі бір талаптар қойылады. Жаңа тәртіп кезең-кезеңімен бағалауды қамтиды: мемлекеттік тілді базалық деңгейде білуін тексеру, сауалнама деректерін талдау, цифрлық скоринг, ведомствоаралық тексерулер және қорытынды сұхбат.
Министр атап өткендей, жалпы алғанда Қазақстанның көші-қон саясаты экономика дамуына үлес қосуға дайын кәсіби мамандар мен инвесторлар үшін ашық күйінде қалады. Мемлекет ұлттық мүдделерді, еңбек нарығының қажеттіліктерін және ұзақ мерзімді демографиялық міндеттерді ескеретін теңгерімді әрі прагматикалық тәсілді жүйелі түрде қалыптастырып келеді.
JQ-Aqparat

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар