jasqazaq.kz

ІІМ: Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген

10 мамыр, 18:20

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде “хайп” жасау және видео жариялау мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру жағдайлары жиілеп отыр. Мұндай әрекеттер елдің мәдени және табиғи мұрасына зиян келтіріп, заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Polisia.kz. жазғандай, табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар — Қазақстан Республикасының ұлттық қазынасы және мемлекет қорғауында. Жартастарға, ескерткіштерге және өзге де мәдени әрі табиғи объектілерге жазу жазу, оларды зақымдау – заң бұзушылыққа жатады. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабына (Вандализм) сәйкес, мемлекет қорғауындағы объектілерді бүлдіргені үшін 100-ден 2000 АЕК-ге дейін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамау, бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. ІІМ еске салады: өз еліңнің табиғаты, тарихы және айналаға құрмет көрсету – әр азаматтың міндеті. Вандализмнің кез келген көрінісі қатаң құқықтық бағасын алады, себебі Заң мен тәртіп әр азаматтың жауапкершілігіне негізделген, ал мұндай құқық бұзушылықтар үшін қатаң жаза бар.

 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді