jasqazaq.kz

ІІМ мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады (Видео)

16 сәуiр, 12:48

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Ішкі істер министрлігі мал ұрлығын анықтау және оның жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 сәуір күні Атырау облысында полиция қызметкерлері түйе ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады. Анықталғандай, қаскөйлер әдейі дала аймақтарына шығып, еркін жайылып жүрген малды бақылауға алған. Түнгі уақытта жануарларды айдап әкетіп, жүк көлігімен Маңғыстау облысына жеткізіп, кейін сатуды көздеген. Қазіргі уақытта топтың ондаған бас мал ұрлығына қатысы дәлелденді. Келтірілген шығын 10 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленіп, сатылуына жол берілмеді.

Барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды. Мал ұрлығы — ауыл тұрғындарының әл-ауқатына тікелей соққы. Осы бағытта ІІМ жұмысты кезең-кезеңімен күшейтіп келеді. Министрдің тапсырмасына сәйкес, мұндай қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданып жатыр. Еске саламыз: мал ұрлығы үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Заң бәріне ортақ. Алдын алу мақсатында ІІМ мал иелеріне үй жануарларын есепке алуды, оның ішінде чиптеуді қамтамасыз етуді және қараусыз қалдырмауды ұсынады.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар