Гүлия Таимова Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2 курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

Интернет және  жастар

Интернет, компьютер, ұялы телефон, әлеуметтік желі, тағы тағы осындай дүниелердің пайдасы мен зияны  жайында  қазіргі  таңда  бірнеше  мәрте әрбір жерден жазылып та, айтылып та үлгерді. Интернет бізге өз қажеттілігмізді толықтай  қамтамасыз етіп отыратын асыл дүниедей болып кетті. Ұялы телефон денеміздің бір органы тәрізденіп кетті.

Жалпы интернеттің шығу тарихын интернеттен қарап түсінгенім бойынша, ол біздің өмірімізге жиырма ғасырдың екінші ширегінен бастап  ене бастапты. Түпкі атауы «Arpanet» болған екен. Жиырма бірінші ғасырдың басында үш жүз миллион тұтынушысы болған бұл дүниені қазіргі таңда 2 миллиард  адам пайдаланады екен. Жеті жүз елу миллион ұялы телефонды адамның саны 5 миллиардқа  жетіпті. Бұл «құдіретті зат» сонау шыққан Американың Бостоны  мен Күншығыстың Пекин, Токиосына дейінгі едәуір аймаққа қанатын кеңге  жайған алып құс  іспеттес.

Менің ойымша, интернетті мүлдем құрту  керек  деген  көзқарас  өте  ерсі  секілді. Бірақ, оған қатты беріліп, қатты еліріп  кетуге  де  болмайды. Әлеуметтік желінің қоғам дамуы үшін, ел дамуы  үшін  берер пайдасы  аса зор  деп ойлаймын. Интернетті жөнді  пайдалана  білу — халықтың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін көтеретін нәрсе. Халықтың тиімді заманауи  талап пен мүдделерді  пайдалана алуы үлкен жетістік деп есептеймін.

Енді интернеттің зиянды жағын  айтар болсақ, бұл айтатынымыз ұзақ әңгіме болатын сияқты. Біз пенде болғаннан кейін әрбір  дүниенің бірінші жаман  жағын  көруге бейім болып  келеміз ғой. Ойыншықты  емес,  компьютерді  ойнап  өскен  баланың  өміртанымы да  сол  компьютердің  ішінде  қалыптасады. Монитордың  алдында үңіліп отырған баланың  болашағынан қандай үміт күтуге болады? Әрбір ойын сайын баланың миында да, көз алдында да сол ойынның көріністері, бейнелері  қайталанып отырады. Миы уланып кетті деген сөз — осы. Психологиялық танымы өзгерген адамның әрекеті де соған қайым болып өзгереді. Бала енді сол ойынның атыс-шабыс, төбелес, қан төгу сияқты  қорқынышты, жиіркенішті  әрекеттерге  барады. Мұның  арты қылмыс болып  саналады. «Ойынды жүктеймін» деген екі ауыз сөздің ақыры қандай оқиғаға дейін апарды? Тағы қандай  зияндары бар десек, жеткіншек-жасөспірімдер, яғни, мектеп жасындағы  балалар еліккіш келеді. Компьютері болмаған жағдайдың өзінде де түрлі шығып тұрған жарнамаларға, ұятсыз көріністерге, видеоларға көз салады. Баяғыда әдеби шығармаларды жаттап, айтып жүрген бала мен қазіргі заманның кез-келген шешімді интернеттен іздейтін баланың арасы жер мен көктей. Сонымен қатар, компьютердің зиянын да айта кеткен жөн. Оның зияны – денсаулықты құрту қаупі. Бүкіл жарық дүниені тамашалап қарауға мүмкіндік беретін екі түймедей ғана жанарымызға, жүрегімізге, бас, бұлшық еттерімізге, тағы басқа мүшелеріміздің  ауруына керемет жағдай  жасайды.

Бұрынғы кезде «техника көбейсе, зиянды жәндіктер де  жойылады» деуші еді. Қазір ондай өзгерісті көріп отырған жоқпыз. Қазір барлық тіршілік атаулы техникаланып, интернеттеліп кеткен сияқты.

Интернеттің жастар үшін зияны — оның жадысын жоғалтып алу қатері. Интернет – жақсылығы мен жамандығы, яғни, пайдасы мен зияны  қатар жүретін күрделі құбылыс.

«Ойбай, бәле» деп көп нәрседен мақрұм қалу да надандық деп ойлаймын. Оның мүмкіндіктеріне де көп шектеу қоймау керек, бірақ қатты айналып қалуға да болмайды. Барлығын тепе-теңдікте ұстаған жөн. Интернеттің дамуы бұл проблемаларды күшейтеді де, сонымен қатар, көп саналық даму, моральды өсу әкеледі. Бір жағынан деннің саулығына зиян болғанымен, адамның өзіне деген сенімділігін күшейтеді. Мысалы, әлеуметтік желіде сөйлесіп отырған тұйық адам ашық-жарқын сөйлесетін адамға айналып кетуі де әбден мүмкін.

Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін желіде отыратын ағайындарым интернет деп өзінің ата-тегін,  ұлтын, тілін, діл-дінін, салтын, дәстүрін ұмытып кетпесе екен!

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді