Ерсұлтан Ерменбеков Сүлейман Демирел Университетінің 2курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

           Мен және ғаламтор

          Күнделікті өмір дағдымызға, мәдениетімізге сіңіп келе жатқан ғаламтор туралы көптеген тақырыптар,мақалалар,пікірталастар бұған дейін орын алды. Бір тарап жақтаса, келесі бір тарап даттары хақ. Мен даттап не жақтап емес, саралап көрейін.

Кез-келген дүниені бастамас бұрын, алдын-ала жасалатын жоралғысы болады. Жазбамның жоралғысы-тақырыпқа анықтама беру һәм түсіндіру.

Мен-тұрақты анықтамасы жоқ, жалпыға емес, жалқыға тиесілі сөз.Мен- әйел, мен-ана, мен-әке, мен-оқушы, мен-заңгер т.с.с лауазым, меншікті білдіруге қолданады.

Ғаламтор- ғаламды байланыстыратын тор. Бүкіл әлемік кеңістік, уақыт ұғымын жойған 20-шы ғасырдың техникалық-туындысы. 1960 жылы АҚШ-тың қарулы әскер тарапынан іске қосылған. Ғаламтор- жаңа технологиялық құрылғыларды сымсыз байлаған нығмет һәм тоқат.

Нығмет- ғаламторды игілігімізге жаратқанымыз. Тоқат- керісінше, зиянымызға қолданғанымыз деп түсінемін.

Ғаламтор-қару секілді, жаудан қорғануға, не өзіңді өлтіруіңе де болады. Мен және ғаламтор. Екеу-ара қандай байланыс болуы мүмкін?

Ғаламтор- мен үшін ажырамас дос, сенімді серіктес, қолдаушы әке, қамқор ана, көңілімді көтеретін туыс. Өйткені, анам айтпаған ақыл-кеңесті google айтты, әкем көрсетпеген үлгіні youtube көрсетті. Көңілімді достарым емес, блогтар мен түрлі әлеуметтік желілер көтерді.Алыстағы адамдарды жақындатып, жақын адамдарды алыстатты. Ия рас, бұл жағдай менде ғана  емес. Бұл дерт, заманауй адамдардың көпшілігінде бар. Бізде де бар… Мұны тоқат дер ем.

Ал енді нығмет деп қарастырар болсақ, онда толық дәрежеде білім алуға, қабілеттерімізді(аспаздық, музыкалық аспаптар курсы, шет тілдері т.б)  жетілдіруге болады. Тегін білім, тегін ақпарат, тегін қор жатыр. Тек соларды сауатты игерсек жеткілікті. Бұл тұрғыда, мен міндетті білім беру жүйесіне “ақпараттық сауаттылық” деген пәнұсынар едім. Ақпаратты қалай? қай жерден? қашан? не үшін? алғанымызды игеріп, саралай алар болсақ, игілігімізге қолданғанымыз болады.

Көпшілік адамдардың ғаламторға тәуелді болуының себебі-құндылықтар жүйесінің дұрыс қалыптаспауы(тәрбие), ақпараттық сауаттылығының төмендігінен (білім)болады. Ғаламтор өзіне емес, өзі ғаламторға қалай қызмет етіп кеткендігін байқамай қалатындығы да осыдан деп ойлаймын.

Өмірде өзінің орнын таба алмаған, өзіне сенімсіздік білдірген адамдар виртуалды әлемге құштар келеді. Айта алмайған ойларын пернетақтаға тереді, солайша байланыс қажеттіліктерін өтейді. Мұның салдары түрлі түсініксіз жәйттарға әкеп соғады. Адамның табиғи жағдайы виртуалды қарым-қатынасқа емес, шынайы қарым-қатынасқа негізделген. Сол себепті, ғаламторды тілсіз жау деуге де болады.

Жаһандану заманының бұл туындысынан (ғаламтор) қашып құтылу мүмкін емес. Ақпарат легіне“Жем боласың, не жем қыласың” қағидасын орындайсың.Өмір қиындықтарын жеңілдеткіш құрал, кейде жеңіл нәрсені қиындатып қоятыны да бар. Ұстазымның  “Өмір-түрлі парадоксқа толы” дегені де осыны қуаттайды. Ғаламтор соның үлкен көрінісі.

Ғаламтордың  пайдасы мен зияныны туралы сөз қозғаған кезде,  абсолют зиян не абсолют пайда деп қарастырылмауы керек. Абсолют сөзін белгілі бір дәрежеде сөзімен алмастырған дұрыс деп айта аламын. Себебі, абсолютті ешбір нәрсе жоқ.

Ғаламторды бір сарыннан зиян немесе пайдалы деп үзіп ешкім айта алмайды. Бұл кең ауқымды қамтитын ұғым болғандықтан, әр адамға түрліше әсер етуі мүмкін. Бірі пайдасын көрсе, бірі зиян шегеді. Бұл тұста,  барлығы да жеке адамға қатысты болмақ.

21 ғасыр «ақпараттық-техналогиялар заманы». Заманның талабы -жеделділік. Ақпараттың жылдам, қол жетімді,сапалы, түсінікті, қысқа болуы өте маңызды. Себебі, ақпараттар жиілігі 30 жыл көлемінде 100 есе артқандығын көруге болады. Сан алуан ақпараттың көптігі адам миының жұмысына кері әсерін береді. Салдарынан, адам денсаулығында ауытқулар пайда бола бастайды. Ұмытшақтық, жүйкенің тозуы, көңіл-күйдің болмауы, бәсеңдік т.б кемшіліктердің себебі ақпараттарды дұрыс қабылдамаудан болады. Бұзылған тағамды қолданар болсақ, ас-қорыту жүйеміз сыр береді. Дәл сол секілді, бұзылған ақпаратты қабылдаудың нәтижесі  іс-әрекетімізден көрінісін береді. Физикалық және рухани тұрғыдан сау болуды қаласақ, таза өнімді пайдалануымыз керек емес пе? Орта есеппен ақпараттың  60-70%-ын ғаламтордан аламыз, бірақ қандай ақпарат аламыз? Тағы бір үлкен сұрақ.

Сөз соңында айтарым, біз ғаламтордың емес, ғаламтор біздің құлымыз һәм қызметшіміз болсын!

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді