jasqazaq.kz

Энергетика министрлігі: 260 мың тонна мұнай басқа бағыттармен жөнелтіледі

28 сәуiр, 17:24

«Достық» құбыр желісі арқылы Германияға жеткізілуі тиіс Қазақ мұнайы өзге құбыр желілері арқылы жөнелтіледі. Jasqazaq.kz сайты Энергетика министрлігіне сүйене отырып хабарлағандай, алдағы мамыр айында Ресей аумағы арқылы Шведт мұнай өңдеу зауытына жеткізіледі деп жоспарланған 260 мың тонна қара май басқа бағыттарға қайта бөлінеді.

Аталған мекеменің мәліметіне сәйкес, 100 мың тонна мұнай Ленинград облысында орналасқан Усть-Луга портына, ал 160 мың тонна Каспий құбыржелісі консорциумы (КҚК) жүйесі арқылы тұтынушыларға жіберіледі. Министрліктің ресми өкілі Әсел Серікбаева қолданыстағы мұнай тасымалы бағытының өзгеруі отандық «қара алтын» өндірудің жылдық жоспарына әсер етпейтінін айрықша атап өтті. Сондай-ақ, бұл мәселе жүк тасымалын жүзеге асыратын компаниялармен де келісілген.

Айта кету керек, биыл осы «Достық» құбыр желісі арқылы Германияға 3 млн тонна мұнай жөнелту көзделген болатын. Бұған дейін мамыр айында тасымалдың тоқтатылуына «инфрақұрылым мен логистикадағы кейбір кілтипандар себеп болды» деген уәж айтылды.

JQ-Aqparat

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді