jasqazaq.kz

Eco Life фестивалі — табиғатқа жанашырлық

18 сәуiр, 19:15

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қызылордадағы келешек мектептерінде ECO LIFE экофестивалі ұйымдастырылып, мектеп аумағын көгалдандыру мен тазалық жұмыстарын қамтыған ауқымды шаралар өтіп жатыр. Табиғатқа жанашырлықты насихаттаған бұл игі бастама жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Фестиваль барысында мектеп ауласы жаңа кейіпке еніп, жасыл желекпен толықты. Атап айтқанда, 400 түп терек пен үйеңкі, 250 сыр ағашы және түрлі әсем гүл көшеттері отырғызылып, білім ордасының келбеті айтарлықтай көркейе түсті.
Шараға оқушылармен қатар ата-аналар мен ұстаздар белсене қатысып, бірлесе еңбек етудің үлгісін көрсетті. Ортақ іске жұмылған қауым тазалықтың маңызын іс жүзінде дәлелдеп, туған жердің табиғатына жанашырлықпен қарау әр азаматтың парызы екенін ұғындырды.
Экофестиваль тек сенбілік шеңберінде қалып қоймай, тәрбиелік мәні зор мазмұнды шараға айналды. Ол жас буынның табиғатты қорғауға деген көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, қоғамда экологиялық мәдениетті нығайтуға өз үлесін қосты.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар