jasqazaq.kz

Діни материалдарды заңсыз тарату: Дарын Мубаров жылына екінші рет жауапқа тартылды

14 сәуiр, 12:10

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін«уағызшы» деп аталатын Дарын Мұбаровты жауапқа тартты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Айта кету керек, бұған дейін, 2025 жылғы қазанда ол осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған болатын. Осылайша бұл азамат бір жыл ішінде заң талаптарын қайта елемеді.

Осы дерек бойынша ДІБ қызметкерлері ҚазақстанРеспубликасының Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы Кодексінің 490-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады (осы баптың 1-бөлігінің 3) тармақшасында көзделген құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау).

Сот шешімі бойынша Д.Мұбаров әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Бұл — 865 000 теңге.

JQ-Aqparat

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы