jasqazaq.kz

Боздақтар рухына тағзым

09 мамыр, 14:51

Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Алматы облысының орталығындағы «Ардагерлер саябағында» орналасқан Даңқ мемориалы жанында жарқын болашақ үшін жанын пида еткен боздақтарды еске алуға арналған жиын өтті. Мақсаты – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің ерлігін ұлықтау, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен тарихи жадыны қалыптастыру.

Жиналғандар майдан даласында шейіт болып, жат жердің топырағы бұйырған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, соғысқа қатысып, бүгінде арамызда қалған санаулы қарт жауынгерлерге құрмет көрсету баршаның қасиетті борышы екенін айтты.

– Соғыс жылдары елімізден 1 миллион 366 мың жауынгер майданға аттанды. Оның 120 мыңнан астамы Алматы өңірінен болды. Майдан шебінен мыңдаған боздақ қайтып оралмады. Алматы өңірінен аттанып, соғыста ерен ерлігімен танылған 40 жауынгерге Кеңес одағының Батыры атағы берілді. Бұл – халқымыздың Отан үшін жанын аямай, ерлік пен батырлықтың өшпес үлгісін көрсеткенінің айқын дәлелі.

Алматы облысы әкімдігі тарапынан жыл сайын әлеуметтік, материалдық және моральдық қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Биыл да қалыптасқан дәстүр бойынша Алматы облысынан соғысқа қатысқан 4 ардагерге 5 миллион теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Жеңіске жету жолында тыл еңбеккерлерінің де қосқан үлесі зор болды. Соғыс жылдары ауыр еңбек пен зор жауапкершілікті мойындарына алып, майданды азық-түлікпен, киім-кешекпен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін күн-түн демей еңбек етті.

Олардың қажырлы еңбегі Жеңісті жақындатқан маңызды күштердің біріне айналды. Бүгінде облысымызда 2 038 тыл ардагері бар. Әрқайсының өмір жолы – кейінгі ұрпаққа өнеге, ал жанқиярлық еңбегі ел жадында мәңгі сақталады, – деді облыс әкімі.
Одан кейін өңір басшысы, облыстық мәслихат төрағасы, ардагерлер ұйымының төрағасы, Қонаев қаласының әкімі, құқық қорғау органдары, әскери бөлім, департаменттер мен басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, тыл және еңбек ардагерлері, Ауған соғысының қатысушылары, облыс пен қаланың Құрметті азаматтары, мекеме-кәсіпорын басшылары, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және жастар «Мәңгілік алауға» гүл себеттерін қойып, боздақтар рухына тағзым жасады.

Жеңіс күні қарсаңында Марат Елеусізұлы облыс аумағында тұратын көзі тірі соғыс ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.
Қонаев қаласындағы мерекелік шара одан әрі Бердібек Соқпақбаев атындағы орталық саябақта өз жалғасын тапты.

Мұндағы концерттік бағдарламада әскери-патриоттық әндер шырқалып, мәдениет және өнер ұжымдарының қойылымдары көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар жастардың патриоттық акциялары ұйымдастырылып, қала әкімі тыл еңбеккерлерінің үйіне барып, мерекемен құттықтап шықты.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар