jasqazaq.kz

Блогер-барондардың ақыры: Кезек Ювашевке келді

26 наурыз, 15:47

Кеше Қаржы мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Ильяр Ювашевті мемлекетаралық іздеуге жариялағаны туралы ақпарат шықты. 28 жастағы andersonchik1 лақап атымен танылған блогер Қазақстанда лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

ҚМА мәліметінше, Ювашев 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде mellstroy.gamе ресурсы да бар.
Қаржы ағынын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем
құралдары пайдаланылған. Сөйтіп осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
Ювашевтің сыбайласы Mellstroy лақап атымен танылған Беларусь азаматы Андрей Бурим екені белгілі болды.
Соңғы кезде әлеуметтік желіде неше түрлі ойын, курс өткізетіндерге тосқауыл қойыла бастады. Бұл аңқау жұрттан ақша жинайтын блогер-барондардың дәуірі өткенін білдірсе керек.

JQ-Aqparat
Фото: instagram.andersonchik1

Бүгін, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді