jasqazaq.kz

Биыл Қазақстанда балаларға арналған 42 мың дана кітап жарық көреді

03 сәуiр, 19:39

2 сәуір дүниежүзі бойынша Халықаралық балалар кітабы күні аталып өтеді. Айтулы күн жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани дамуының маңыздылығын айқындайды. Бүгінде Қазақстанда 3889 көпшілікке қолжетімді кітапхана жұмыс істейді, оның ішінде 272-сі – балалар кітапханасы. Олардың кітап қоры 7 миллионнан астам дананы құрайды, ал оқырмандар саны 1,7 миллионнан аса баланы қамтиды. Ең көп сұранысқа ие шығармалардың қатарында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» және «Балалық шаққа саяхат», Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» және «Жусан иісі», сондай-ақ Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» еңбектері бар.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын мақсатты аудиторияға арналған кітаптарды шығарып, оларды ел кітапханаларына таратады. 2020–2025 жылдары 396 мың дана таралыммен 132 кітап жарық көрді.

2026 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған 42 мың дана кітап шығарып, кітапханаларға жеткізу жоспарланып отыр. Әдебиеттің қолжетімділігін арттыру мақсатында электронды нұсқалары Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының порталында орналастырылады.

Балалар әдебиеті саласының дамуына әдеби сыйлықтар мен байқаулар да айтарлықтай үлес қосуда. Атап айтқанда, «Айбоз» ұлттық сыйлығы және Президенттік әдеби сыйлық аясында балалар әдебиеті бойынша номинациялар қарастырылған. Елімізде 2025 жылдан бастап Ұлттық кітап күні аталып өтеді. Оның аясында балалар басылымдарына арналған арнайы санаттарды қамти отырып, «Ұлттық кітап» байқауы өткізіледі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы