jasqazaq.kz

Бірнеше құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Сүйіншәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

28 сәуiр, 10:15

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша бірнеше құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Сүйіншәліге қатысты тергеп-тексеру жүргізуде. Тергеу амалдарына сай, 2021–2024 жылдар аралығында Мөлдір Сүйіншәлі «Nura Elite» коттедж қалашығын салу сылтауымен азаматтардан қаражат тартқан, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жоба аясында 37 коттедж және 24 таунхаус салу көзделген. Алайда бүгінгі күні таунхаустар толық аяқталмаған (тек қаңқалары ғана тұр), 2023 жылдың 4-тоқсанына дейін аяқтау жөніндегі міндеттемелер орындалмаған.

Сатып алушылармен алдын аласатып алу-сату шарттары жасалған. Нәтижесінде 56 адам жәбірленуші ретінде танылып, тартылған қаражаттың жалпы сомасы 3,9 млрд теңгені құраған. Оның ішінде 322 млнтеңге Мөлдір Сүйіншәлі, жұбайының және анасының есепшоттарына аударылған, сондай-ақ 145 млн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған.

«Сондай-ақ бір жылжымайтын мүлікті бірнеше рет сату фактісі анықталған. Мәселен, жәбірленуші толық төлеген коттедждің бірі күдікті тарапынан жеке міндеттемелері бойынша кепілге қойылып, кейін үшінші тұлғалардың атына рәсімделіп, бірнеше рет қайта сатылған. Мөлдір Сүйіншәлі сатып алушылармен іс жүзінде жер учаскелеріне құқық беруді көздейтін шарттар жасасқан. Алайда оларды иеліктен шығаруға заңды құқығы болмаған. Үлескерлердің қаражатының бір бөлігі Астана қаласында «Асылхан» тұрғын үй кешенін салуға арналған жертелімін сатып алуға жұмсалған», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары болмағанына қарамастан, ол Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында мұқтаж әйелге пәтер берілетіні туралы мәлімдеген. Алайда іс жүзінде тұрғын
үйкешенінің құрылысы басталмаған.

Соттың санкциясымен оған үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда.

JQ-Aqparat

Сурет: instagram.com/moldirmensulu
26 мамыр, 16:59
Как формируется интерес студентов к чтению книг в Туркестане?
26 мамыр, 16:54
Эльмира Идрисова: Главная цель университета — подготовить учителей нового формата
25 мамыр, 18:28
В Туркестанской области более 35 тысяч выпускников завершили обучение
25 мамыр, 16:33
«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды
21 мамыр, 18:30
В Туркестане обсудили итоги саммита и экономику региона
21 мамыр, 18:28
Данияр Әлиев: Ұлттық мәдениет – ұлттың тарихи жадын сақтайтын рухани құндылық
21 мамыр, 16:56
Жанат Шардарбекова: Библиотека - культурное пространство, объединяющее представителей разных поколений
21 мамыр, 16:46
Әділ Әуелбеков: Равенство в качестве образования — главный показатель гармоничного развития
21 мамыр, 16:15
Қуаныш Бақытұлы: Алматы облысы - инвестиция тартуда белсенді өңірлердің бірі