jasqazaq.kz

Ауқымды операция басталды: Алматыға басқа қалалардан полиция қызметкерлері тартылды

02 сәуiр, 10:17

Алматыда «Стоп-бұзушылық» ауқымды операциясы басталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Алматы қаласында 1–10 сәуір аралығында өтетін «Стоп-бұзушылық» жедел-профилактикалық іс-шарасының басталуына орай полицияның кешенді және қосымша күштерінің бірыңғай гарнизондық саптық жиыны өтті.

Іс-шараға Астана қаласынан, Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан келген қосымша күштер тартылды. Күшейту шаралары құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыруға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және мегаполистегі жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Жеке құрам алдында сөз сөйлеген Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Кабдулдинов барлық бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылы мен заңдылықты қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Полицияның әрбір әрекеті заңды, ашық әрі кәсіби болуы тиіс. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау», – деді ол.

Операция барысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, арандатушылықтардың жолын кесуге және қоғамдық тәртіпті бұзудың кез келген деректеріне жедел әрекет етуге ерекше назар аударылады.

Гарнизондық саптық жиын тартылған барлық күштердің үйлесімділігін қамтамасыз етуде, тәртіпті нығайтуда және күшейтілген қызмет атқару жағдайында қойылған міндеттерді орындауға дайындықты арттыруда маңызды кезең болды.

«Стоп-бұзушылық» іс-шарасын өткізу криминогендік ахуалды тұрақтандыруға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

10 маусым, 14:04
В Туркестане стартовал «Летний книжный Fest»
10 маусым, 12:41
В Кентау расширяется сфера применения казахского языка
10 маусым, 10:04
Еуразиядағы жаңа әуехаб
09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж