jasqazaq.kz

Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді

13 мамыр, 15:04

Астана қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Сарыарқа» ауданы әкімдігі аппаратымен бірлесіп, аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен ауқымды ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл іс-шара Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Кездесудің негізгі мақсаты – зейнеткерлерді қаржы пирамидаларын тану тәсілдеріне үйрету және интернет-алаяқтардан қорғану жолдарын түсіндіру. Егде жастағы азаматтар экономикалық қылмыстарға жиі алданатын осал топтардың бірі болғандықтан, алдын алу жұмыстары құқық қорғау органдары қызметінің басты бағыттарының бірі саналады.
Кездесу барысында ведомство өкілдері жоғары табыс уәде ететін күмәнді инвестициялық жобаларға алданбау үшін қаржы пирамидаларының белгілерін; банк есепшоттарын телефон және интернет-алаяқтардан қорғауға арналған цифрлық гигиена негіздерін; күмәнді қаржылық ұсыныстарға тап болған жағдайда қайда жүгіну керектігін жан-жақты түсіндірді.
Кездесу форматы ардагерлерге Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері мен аудан әкімдігі өкілдеріне өздерін толғандырған сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік берді.
Қатысушыларға жинақты қауіпсіз сақтау тәсілдері мен төлем карталарын пайдалану ережелері бойынша практикалық кеңестер берілді.
«Заңдылық пен құқықтық тәртіп әр азаматтың хабардар болуынан басталады. Біздің міндетіміз – ардагерлерге қаражатын және тыныштығын сақтауға көмектесетін білім беру», – деп атап өтті Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері.
Мұндай түсіндіру шаралары елорданың барлық ауданында жүйелі түрде өткізіліп келеді.
Еске сала кетейік, елордада кибералаяқтық деректері бойынша жүздеген іс қозғалды.

JQ-Aqparat

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде