jasqazaq.kz

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өтеді

18 мамыр, 21:53

19-21 мамыр аралығында Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет және инновация» республикалық форумы ұйымдастырылады.
Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен музей, кітапхана, архив, мәдениет үйлері мен өзге де сала ұйымдардың өкілдері жиналады. Форумға сондай-ақ халықаралық және қазақстандық сарапшылар, бизнес қауымдастық өкілдері, креативті индустрия және технологиялық компаниялардың мамандары қатысады.
Биылғы форумның басты ерекшелігі – дәстүрлі оқыту форматынан нақты жобалар әзірлеуге негізделген тәжірибелік жұмысқа басымдық берілуі. Қатысушылар мәдениет ұйымдарын жаңғыртуға, аудитория аясын кеңейтуге, жаңа технологияларды енгізуге және серіктестік байланыстарды дамытуға бағытталған бастамалар әзірлейді.
Үш күндік форум бағдарламасы саланың өзекті мәселелерін талқылаудан бастап, нақты жобаларды әзірлеп, оларды таныстыру кезеңіне дейінгі кешенді жұмысты қамтиды. Алғашқы күні саладағы трансформация үдерістері, цифрландыру, жасанды интеллект мүмкіндіктері және аудиториямен өзара байланыс орнатудың жаңа тәсілдері қарастырылады.
Екінші күні қатысушылар тәжірибелік форматта жұмыс істеп, заманауи цифрлық мүмкіндіктерді меңгеріп, бірлескен сессиялар барысында мәдениет ұйымдарына арналған жаңа бастамаларды пысықтайды. Соңғы күні командалар өз жобаларын сарапшылар назарына ұсынып, өңірлерде жүзеге асыруға ұсынылатын үздік шешімдер анықталады.
Форум аясында салааралық әріптестікті дамытуға, жаңа серіктестерді тартуға және өңірлердің қажеттілігіне сай бастамаларды іске асыруға айрықша назар аударылады.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар