jasqazaq.kz

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

27 наурыз, 20:32


Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Осы ауқымды жұмыс аясында қалалық инфрақұрылымның әртүрлі нысандары тазаланып, жуылады: қоршаулар, аялдамалар, жарық бағаналары, жол белгілері, жолдар, тротуарлар және т.б. Сонымен қатар, аула, скверлер, саябақтар және басқа да қоғамдық орындарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Қаланың барлық ауданында санитарлық тазалау жұмысы белсенді жүргізілуде. Нұра ауданында жергілікті аумақтарды тазалау және ретке келтіру бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Жолдар жуылып, тротуарлар, көпірлер, аялдамалар және қалалық инфрақұрылымның басқа элементтері тазаланып жатыр.
Байқоңыр ауданында санитарлық тазалаумен қатар аула, сквер және саябақтарда жөндеу-қалпына келтіру жұмысы басталды. Балалар мен спорт алаңдары, қоқыс контейнерлері орналасқан орындар реттеліп, абаттандыру элементтері қалпына келтірілуде.
Алматы ауданында жұмыстар күшейтілген режимде жүріп жатыр – күнделікті шамамен 300 жол жұмысшысы мен 250-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Жолдарды және инфрақұрылымды жумен қатар, жасыл желектерге күтім көрсетіліп, аялдамалар санитарлық тазалануда, аншлагтар мен қоршаулардың элементтерін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.


Есіл ауданында да көктемгі жөндеу-қалпына келтіру жұмысы басталды. Тас төсемелер қалпына келтіріліп, Д.Қонаев көшесіндегі тіреу қабырғасының үстіңгі тақталары жөнделуде. Күнделікті қалалық инфрақұрылымның кешенді жуу жұмысы жүргізілуде. Бұл жұмысқа 500-ден астам жол жұмысшысы мен 200-ден астам техника жұмылдырылған.
Сарыарқа ауданында да ауқымды санитарлық тазалау жүргізілуде. Жұмыстар жол жабындысын, жер асты өткелдерін, аула аумақтарын және көше жиһаздарын қамтиды. Сонымен қатар, аялдамалар тазаланып, абаттандыру элементтері жөнделіп жатыр. Санитарлық тазалауға 735-тен астам техника және 253 жол жұмысшысы жұмылдырылған.
Сарайшық ауданында 200-ден астам арнайы техника мен 400 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Қар шығару, құм-топырақ пен ірі қоқыстардан тазарту, жол жиегін жинау, тротуарлар мен көпірлерді жуу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда қаланың барлық алты ауданында санитарлық тазалау жұмысы жүргізілуде. Тротуарлар мен жол жабындары арнайы техниканың көмегімен тазаланып, көгалды тұстар және басқа жерлер ретке келтіріліп жатыр.

28 мамыр, 17:07
Алматы облысында төтенше жағдайларға қарсы қандай жұмыстар жүріп жатыр?
28 мамыр, 14:21
Туристический потециал Отырара: новый взгляд на древнее наследие
28 мамыр, 14:02
В Туркестанской области введены в эксплуатацию 29 «Комфортных школ»
28 мамыр, 14:00
Туркестанская область - лидер по краткосрочным экономическим показателям
28 мамыр, 13:59
Туркестан: Ведется строительство солнечной электростанции мощностью 300 МВТ
28 мамыр, 13:57
30 предприятий Туркестанской области приняли участие в выставке «ULTTYQ ÓNIM - 2026»
28 мамыр, 13:52
Туркестан: в Ордабасинском районе откроется завод по переработке костей крупного рогатого скота
26 мамыр, 16:59
Как формируется интерес студентов к чтению книг в Туркестане?
26 мамыр, 16:54
Эльмира Идрисова: Главная цель университета — подготовить учителей нового формата