jasqazaq.kz

Астанада әйгілі Леонардо да Винчиге арналған халықаралық көрме өтеді

14 мамыр, 22:22


Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 19 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында әйгілі Леонардо да Винчидің өмірі мен ғылыми ізденістеріне арналған Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордаға Рим және Флоренция музейлерінен Леонардо да Винчидің атақты Винчи кодекстеріндегі сызбалары мен жазбалары негізінде жасалған 40-тан астам толық көлемді механизм үлгілері жеткізілді. Экспонаттар қатарында ұшу аппараттары, инженерлік құрылымдар, әскери машиналар мен өз заманынан озық туған құрылғылар бар. Бұл өнертабыстар кейіннен заманауи технологиялардың бастауына айналды.

Көрме шамамен 3 мың шаршы метр аумақты қамтиды. Кеңістік ауа, су, жер және от тақырыптарына бөлінген. Бұл келушілерге Леонардоның табиғат күштерін, қозғалысты, адам анатомиясын және механика заңдылықтарын қалай зерттегенін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Жеке бөлім суретшінің ең танымал туындыларының репродукцияларына арналған. Көрме заманауи мультимедиалық форматта безендірілген. LED-туннельдер, цифрлық проекциялар мен голографиялық инсталляциялар Леонардо да Винчидің идеяларын визуалды түрде паш етіп, оның өнертабыстары қалай жұмыс істеуі мүмкін болғанын таныстырады.

Көрме Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Жобаны жүзеге асырушы – «Астана Концерт» компаниясы.

Көрме күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 57, Бейбітшілік және келісім сарайы.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар