jasqazaq.kz

Астана жастары әскерге аттанды

31 наурыз, 18:02


Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Осыған орай Астана қаласындағы Жастар сарайында «Ел қорғау – нағыз ерлер ісі!» атты әскери-патриоттық акция ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігі, қала әкімдігі, ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері, сондай-ақ 700-ден астам оқушы, Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедра студенттері мен мерзімді әскери қызметшілер қатысты.


Жиында сөз алған ардагерлер мен күштік құрылым өкілдері Отан қорғаудың әр азамат үшін қасиетті парыз екенін атап өтті. Олардың қатарында генерал-майор, Қарулы Күштер ардагерлері ұйымы төрағасының орынбасары Марат Нағұманов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов бар. Олар әскерге аттанғалы тұрған жастарға сәттілік тілеп, ел сенімін абыроймен ақтауға шақырды.


Өз кезегінде жас сарбаздар да жүктелген міндетті адал орындауға уәде берді. Шара барысында әскери техника, қару-жарақ және әскери киім үлгілерінің көрмесі қойылып, патриоттық концерт ұйымдастырылды.

Бақтияр Жансерік,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар