Қания Табыс Сүлейман Демирел Университетінің 3-курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

Мен және ғаламтор

Жуырда «Жас қазақ» газетінде байқау ұйымдастырылғанын естіп, мен де қолыма қалам алдым. Алайда ақ қағазға көк түсті қаламмен жаза бастаған сәттен бастап ғаламтор тақырыбында қалай жазсам болады деп сәл ойланып қалдым.  Ойлана келе интернет өзіңмен сырласқанды жөн санадым.  Интернетке студенттен хат.

Құрметті ғаламтор!  Қалің қалай? Бүкіл әлемді бір -бірімен байланыстырып жүгіріп жүрсің бе?

Бәлкім біреуге ғашықтық хатын жеткізіп, төбесі көкке жеткендей қуанышқа бөлеп жатқан шығарсың… Мүмкін біреу туралы  жағымсыз  ақпаратты  жер әлемге таратып, бәзбіреудің  жүрегін  жараладың ба екен?! Не десем де сенің атың ғаламға тарайтын – ғаламтор ғой.

Сен – адамзаттың ойлап тапқан ең ірі жетістіктерінің бірісің. Онымен кім келіспес?! Сенімен таңертең ұйқымнан оянамын да кеште сенімен  бірге ұйықтаймын. Мұндағы меңзегенім, таңертең сені қосып әлеуметтік желіні бір шарлап шықпасам, бір ісім кеміп қалатын сияқты. Кешке бүкіл жұмысымды істеп, көзіме ұйқы тығылып тұрса да, сенімен бір сағат өткізсем ұйқым шайдай ашылып шыға келеді. Тіпті сенімен таң атыруға да бармын. Егер физикалық тұрғыдан ұйқы қажет етпейтін болсам, онда интернет сенімен таңға дейін отыра берер ме едім, кім білсін? Талай түндерім телефонымда сен қосулы күйде ұйықтап кеткен кездерім болды.  Ол ол ма? Интернет сен білесің бе? Мен сенімен тек таңертең, кеште ғана емес,  күндіз де біргемін ғой.  Сабақтан берген тапсырманы кітапханаға  барып орындағым келмейді. Ғаламтор сенде ақпараттар легі толып жатыр. Сенен іздеп тауып, мұғалімге  апара саламын. Бұрын слайд, реферат десе қиналушы едім. Қазір мүлде олай емес. Ғаламтор сенің арқаңда ол түкте қиындық туғызбайды.  Мектепте оқып жүрген кезім әлі есімде. Апай үйге реферат жазуға беретін. Кітапханаға барып кітап алып, оны компьютерде 2-3 сағат теріп отыратын едім.  Ал қазір… Қазір мүлде олай емес. Рефератқа 15 минут уақытым ғана кетеді.   Ғаламтор сен бізге Құдайдың берген сыйы болып тұрсың ғой.  Сен арқылы мен, қалаған адамыммен байланыс орнатып, олармен араласа аламын. Ол тіпті мұхиттың арғы жағы Америкада тұратын адам болса да. Оған мысал ретінде өзің білетіндей  Jordan деген бала. Иә ол Америкада тұрады. Америкалықтар асырып алған қазақ баласы, өз елі туралы білгісі келіп қазақтармен хат алысып, тілін де жетілдіріп жатыр. Ғаламтор сен қандай жақсысың! Арадағы арақашықтыққа қарамай, екі әлемді бір-бірімен байланыстырып отырсың.  Ол ғана емес. Мен болашақ  журналистпін ғой. Өткенде сені  ақтарып отырып, 9 тіл білетін Раушан есімді қызды тауып алдым. Ол  — Астанада, ал мен Алматыда.  Одан сұхбат алу үшін Астанаға барып жүрмей – ақ,  интернет сен арқылы жасадым. Интернет  саған тағы бірнәрсе айтайын. Кейде сабақтарды әсіресе  лекцияны  тыңдағым келмей кетеді. Лекцияның маған қызықтырмағаны соншалық, ұйқым келеді . Сол кезде сені қосамын да, ютубтан видео қараймын. Видео қарағанымда, ең жиі бизнесмендердің сұхбаттарын тыңдайтыным ғаламтор өзіңе белгілі. Сол кәсіпкерлерден журналистер қалай сұхбат алып жатыр, интервью барысында өздерін қалай ұстайды соның бәрін сен арқылы көріп үйренемін.  Былай қарағанда онлайн білім көзі де сенсің. Әдетте тегін курстар дегенге көп қызыға бермеймін. Алайда ғаламтор сенімен дос болған жылдар ішінде орысшам мен ағылшыншам әжептәуір  жетіліп кеткенін мойындамасам болмас. Сонымен қатар,егер бірдемені білмей жатсам ең бірінші сенен іздейтінім ақиқат.  Осыған байланысты бізде «гугл атаңнан сұрасаңшы» деген сөзде шыққан.

Сондай – ақ , сен жұмыс беруші мен жұмыс іздеушіні бір орталыққа жұмылдырасың. Мысалы менің туған ағам өз мамандығында жұмыс таппағанмен,  сенің тіліңді мықтап түсінді. Қазіргі уақытта нәпақасын сенен тауып жүр.  Әййй, интернет мен сені  тым қатты мақтап жібердім ау деймін.  Сенің осыншалық пайдаң болғанмен зияның да жоқ емес.  Ең бірінші  менің саған тәуелді болып қалғанымды айтқым келеді. Бас қатырып ойланып отырғым келмейді. Бірден ойланбай сені іздеуге көшемін. Бос уақытымыды саған арнаймын.  Саған тәуелділіктен қалай арылуға болатынын білмеймін.  Одан бөлек сенімен уақыт өткізіп телефонға телміре бергеннен көзімнің көру қабілеті де нашарлады.   Алайда осыны түсініп, жатқан мен бар ма десеңші… Керісінше азайтқанның орнына, саған арнайтын уақытым көбеюде.   Таңертең ұйқыдан оянғанда, одан кейін автобуста да, іш пыстыратын кейбір сабақтарда, бос уақытта, сабақ арасында үзілістерде, таңғы, түскі, кешкі ас бәрі – бәрі сенімен бірге өтіп жатыр. Анда санда ауылдағы ата-анама хабарласуды ұмытып кетемін.  Жаныыыыым анашым, мені уайымдап өзі хабарласып жатады. «Қарның ашқан жоқ па, ақшаң бар ма, тоңып жүрген жоқсың ба» деген сөздерін естіп олардың алдында, уақытымды бос өткізіп жүргенімді ойлап, ішім біртүрлі болып,  өзімді олардың алдында  кінәлі сезініп қаламын. Бірақ не істеймін? Саған тәуелдімін, интернет.  Ғаламтор-  жоғарыда атап өткенімдей  түнде сенімен бірге ұйықтаймын.  Сенімен түн ортасына дейін отырған соң, таңертең ұйқы да дұрыс қанбай қалады. Бұл адамның көңіл-күйіне де әсер етеді екен.  Соңғы жылдарда ашуланшақ, кейде тіпті сіркем су көтермей кетеді.   Сені қосып отырғанда телефонымда 4G ұстамай қалған кезде бірден ашуланып шыға келемін. Осы бірден ашулану, менің мінез-құлқыма әсер етіп,  шыдамсыз етіп жіберген сияқты.  Бір сөбен айтқанда психикаға да өз ықпалын тигізді.  Интернет мен енді не істеймін? Бірден сенен қол үзу мүмкін емес қой. Сен болмасаң, өмірімді қалай елестетінімді білмеймін.   Менен «осы балам биікке шығады- ау» деп үкілеп  үміттеніп отырған, ата — анамның сенімін ақтаудың орнына, бос уақытымды болмашыға арнап жүрген маған қандай ақыл кеңес берер едің?

Сәлеммен, ғаламтордан қолданушысы Қаниядан.

Міне, ғаламтордан да хат келді. Сенен тез келетініне күмәнім жоқ. Себебі сен тым жылдамсың ғой. Бірақ жылдамдығыңды қайтейін хатты қысқа да нұсқа жауап жазыпсың. Интернеттің маған берген жауабы «Бәрі де өз қолыңда».

 Қания Табыс. СДУ 3-курс студенті.

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді