jasqazaq.kz

Аманат арқалаған апа

12 сәуiр, 17:54

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі міне, осымен жетінші жылға аяқ басты Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық әскери қызметшілердің тағдырын және жерленген орындарын анықтауға бағытталған жүйелі архивтік-іздестіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бірлестіктің миссиясы – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және жастар арасында рухани-адамгершілік әрі әскери-патриоттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы тарихи жадыны сақтауда мемлекетке жәрдемдесу.
Қызметтің ауқымдылығын қамтамасыз ету мақсатында 200-ден астам халықаралық және республикалық ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды, бұл Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан елдер аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Арнайы интернет-портал, «жедел желі» және әлеуметтік желілердегі парақшалар құрылды, сол арқылы кез келген азамат өз туыстарын – соғыс қатысушыларын іздеуге тегін өтінім бере алады.
Бүгінгі таңда бірлестікке 12 000-нан астам өтінім келіп түсті, 4 500-ден астам қазақстандық сарбаз бен офицердің тағдыры және жерленген орындары анықталды. Ай сайын іздестірушілер бұрын белгісіз болған 40–50 жауынгердің есімін елге қайтарады. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің қолдауымен 23 қазақстандық майдангердің сүйегі Отанына жеткізіліп, зор әскери құрметпен жерленді.
Бұл ретте күн сайын инемен құдық қазғандай жұмыспен айналысатын ерікті іздеушілердің еңбегі ерекше.

Бүгін аталған ұйымның белсенді мүшесі Айгүл Айтованың естелігін ұсынып отырмыз.
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігіне кезекті тапсырыс түсті. Бұл жолы Тұрлан есімді азамат өзінің нағашы атасы Түпесов Шекімнің соғыстан оралмағанын айтып, оның жерленген жерін анықтауға көмек сұрады. Шекім ата 1914 жылы Атырау облысы, қазіргі Құрманғазы ауданында дүниеге келген, 1942 жылы қаңтар айында әскер қатарына алынады.
Сол бір қасіретті сәтте Шекім ата жарының жүкті екенін біліп, оған: «Ұл болса да, қыз болса да дүниеге келетін баланың қызығын бір өзің көресің, мен осы кеткеннен оралмаймын», -депті. Шекім атаның айтқаны расқа айналды, ол елге оралған жоқ. Жары босанып, қыз бала дүниеге келді. Қызының есімін Нәсіп деп қойған екен.


Бүгінде Нәсіп әже 84 жаста. Өмір бойы әкесінің жерленген жерін табуға тырысып келді. Ұзақ ізденістен кейін, біз оның әкесі Шекімнің Ленинград облысы, Старая Русса деген жерде жерленгенін анықтап бердік. Бұрнағы жылы жазда Нәсіп әже әкесінің басына барып, құран бағыштап, туған жердің бір уыс топырағын бейітіне салды.


Шекім атаның соғыс кезіндегі майдандас досы, ауылдасы Қайырлының әңгімесі де есімізде сақталады. Соғыста жүріп, ол Қайырлыға: «Сен елге ораласың, бірақ бір мүшең кем болады. Ал мен осы жақта қаламын, елге оралу бұйырмайды. Туған жерге дұғай-дұғай сәлем айтарсың», -деген екен. Шекім ата айтқанындай, Қайырлы елге бір аяғын жоғалтып оралса, Шекім ата алған жарақатынан көз жұмып, майдан даласында мәңгілікке қалды…


Бұл оқиға, ерлік пен қайсарлықтың тағы бір үлгісі, соғыс салған жараның ұрпақтар үшін қаншалықты терең болатынын көрсетеді. «Atamnyn Amanaty» бірлестігінің ең басты мақсаты — осындай тағдырлы оқиғаларды ұмыт қалдырмай, келешек ұрпаққа жеткізу.
Айгүл Айтова,

«Atamnyn Amanaty»

ұйымының еріктісі

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар