jasqazaq.kz

«Алты бала ұрған, бүкіл жері қап-қара болып кеткен». Ақтөбеде соққыдан жан тапсырған баланың анасы біраз жәйттің бетін ашты

05 қыркүйек 2024, 9:52

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңесту ауылында 9 сынып оқушысы Нұржан Сыдық оқушылардың қолынан қайтыс болды. Жасөспірімнің анасының айтуынша оны бірнеше оқушы соққыға жыққан. Марқұм оқушының анасы Амангүл Сыдық оқиғаның мән-жайын  Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Қайғылы оқиға 2 қыркүйекте болған.

«Баламды түнгі сағат 22:00 шамасында сыртқа шақырып алып кеткен. Не себепті шақырғанын білмеймін, жоғарғы сыныптың оқушылары. 6 бала ұрған, соның ішінде боксқа қатысатын бала бар екен. Сол да ұрған. Баламның бет-аузының сау жері қалмаған мұрны, құлағы, бүкіл жері қап-қара болып кеткен. Мен бұлай қалдырмаймын, соңғы демім біткенше әділдікке жетемін», — дейді марқұм оқушының анасы Амангүл Сыдық.

Баламды ұрған 6 оқушы да жазалансын, дейді ашынған ана.

«Балам бір емес, осымен екінші рет таяқ жеген. Мектепте де практикант мұғалімнің қолынан таяқ жеп, бір ажалдан қалған. Мынау екінші рет, ажалы оқушылардың қолынан болды. Бала біткеннің бәрін ұрып өлтіре берсе кім қорғайды мына қазақты, жер астында жатып елін қалай қорғайда балам?», — деген анасының еңірегенде етегі жасқа толып отыр.

Ауыл әкімдігі болса бұған дейін мұндай қайғылы жағдай Кеңесту ауылында болған емес, ауыл іші ағайын кісілердей тату еді дейді.

Қазіргі күні оқиғаға қатысты екі жасөспірім күдікті деп танылған.

«Кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша Темір ауданы полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Екі күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», — дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Сурет:  istockphoto.com
Бүгін, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
Бүгін, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
Бүгін, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
Бүгін, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство
29 сәуiр, 15:00
Как развивается хлопково-текстильный кластер в Туркестане?
29 сәуiр, 14:10
Туркестан: Усилена работа по повышению доходов населения
29 сәуiр, 14:07
Чтение книг — духовный мост между народами
29 сәуiр, 14:02
Туркестан: Риск распространения вредителей находится под полным контролем
29 сәуiр, 11:28
Более 80 нарушений выявлено: в Астане усиливают контроль за ценами на продукты