jasqazaq.kz

Алматыда заңсыз сыра өндіретін жасырын цех жойылды (Видео)

04 мамыр, 11:42

Алматыда заңсыз сыра өндіретін жасырын цех жойылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласы Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері «Алко-Стоп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру дерегін анықтады.

Тексеру нәтижесінде жертөле ғимаратында орналасқан сыра өндіретін жасырын цех әшкереленді. Оқиға орнынан арнайы өндірістік жабдықтар, дайын өнімнің ірі көлемі, сондай-ақ өндіріс процесінде пайдаланылатын ыдыстар мен шикізат табылып, тәркіленді. Заңсыз айналымнан жалпы көлемі шамамен 7 мың литр сыра, құюға арналған кегтер, шыны ыдыстар және алкоголь өнімдерін дайындауға қажетті шикізат алынды. Аталған дерек бойынша барлық мән-жайларды толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тексеру амалдары басталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады. Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты бақылауда екенін атап өтті. — “Алко-Стоп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру дерегі анықталды. Жасырын цех әшкереленіп, жабдықтар мен дайын өнімнің ірі партиясы тәркіленді. Мұндай құқық бұзушылықтар ерекше бақылауда. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. Полиция азаматтарға алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу заңмен қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді, — деді ол.

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар