jasqazaq.kz

Алматыда заңсыз айналымнан ірі көлемдегі дәрілік заттар тәркіленді

17 сәуiр, 10:44

Алматы қаласында күшті әсер ететін дәрілік заттардың заңсыз айналымының жолын кесуге және оларды өткізу саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – дәрілік препараттарды медициналық емес мақсатта пайдаланудың алдын алу, дәріхана ұйымдарына бақылауды күшейту, сондай-ақ дәрілерді босату кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері дәріхана пункттерін тексеріп, дәрігердің рецептісінсіз дәрілік заттарды сату деректерін анықтауда, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды белгілеуде.

Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батуржан Абдумасаров атап өткендей, күшті әсер ететін препараттарды еркін сату – жол берілмейтін жағдай. Бұл тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Мұндай деректер ерекше бақылауда.

Атап айтқанда, қала аудандарының бірқатарында дәрігердің рецептісінсіз күшті әсер ететін дәрілік заттарды сату фактілері анықталып, оларды заңсыз сатып алған тұлғалар белгіленді. Заңсыз айналымнан ірі көлемдегі дәрілік заттар тәркіленді.

Спикердің мәліметінше, анықталған барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар