jasqazaq.kz

Алматыда полицияның бұрынғы тергеушісі қылмысты жасырғаны үшін сотталды

01 сәуiр, 14:01


Арнайы прокурорлар Алматы қаласы Наурызбай ауданы Полиция басқармасының бұрынғы тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 
Тергеу кезінде тергеуші 14 қылмыстың жасалғаны туралы мәліметтер қолында бола отырып, оларды тіркеуді қасақана жасырып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзғаны анықталды.
Жүргізілген кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының құқыққа қарсы әрекетін растады.
Күдіктінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 433-бабы 2-бөлігімен сараланды.
Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Сондай-ақ сотталған «полиция лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды.

JQ-Aqparat 

Сурет: gov.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар