jasqazaq.kz

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік ел аумағынан шығарылды

27 наурыз, 11:36

 Алматы қаласында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Төрт күнге созылған кешенді шара барысында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытында ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, 1 040 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 132 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі шетел азаматтарының елде болу тәртібін сақтамауына байланысты болды. Осы санат бойынша 811 шетелдік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, шетел азаматтарының заңды түрде болуын қамтамасыз етпегені үшін 198 қабылдаушы тұлғаға әкімшілік шара қолданылды. Ал шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзған 31 жұмыс берушіге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

Іс-шара барысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыру дерегі әшкереленіп, аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұдан бөлек, мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетел азаматы ұсталды.

Алматы қаласы көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар көші-қон саласындағы тәртіпті жүйелеуге және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

— Негізгі мақсат — тек құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алу. Біз барлық қатысушылардың жауапкершілігін назарда ұстаймыз: шетел азаматтары да, оларды қабылдаушы тұлғалар мен жұмыс берушілер де заң талаптарын сақтауға міндетті. Заң — баршаға ортақ, — деді полиция қызметкері.

Алматы қаласының полициясы қоғамдық тәртіпті сақтау, заңдылықты қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

inform.kz

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы