jasqazaq.kz

Алматыда 4 миллионнан астам адамға қоңырау шалған алаяқтар қолға түсті (Видео)

28 сәуiр, 11:09

2026 жылғы сәуірде ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың жолын кесті.

Күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңыраулар шалудың заңсыз тетігін ұйымдастырған.

Атап айтсақ, бұлар бөгде заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған және арнайы зиянды бағдарламалық қамтылымды қолданған.

Осы схема бойынша 4 миллионнан астам қоңырау шалынып, байланыс операторларына келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге соммасынан асты.

Тінту барысында техникалық құралдар мен іске қатысты өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК баспасөз қызметі

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар