Алмас Алдаберген Сүлейман Демирел Университетінің 3-курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

Мен және ғаламтор

— Ғазиз… Ғазиз… Балам!?

— А?

— Аш есікті

— Қазір… — деді де Ғазиз үстелінің үстіне сабаққа керекті дәптер, кітабын дереу қойып, есікті ашуға ұмтылды.

— Айналайын, балам, сен тағы «әлгі құрғырда» отырсың ба? — деді анасы үстел жаққа қолын сілтеп.

— Нені айтасың, апа? Орындықты меңзесең, иә, сол жерде отырмын, әрі сабағымды оқып отырмын.

— Балам, қартайған шешеңді несіне алдайсың. Мені білмейді дейсің бе? Мұғалімің бүгін тағы келді. Оқу үлгерімі күрт төмендеді, тәртібі де нашарлап барады деді. Оған қоса артқы партада отырып құлағына «наушник» (құлаққап) салып үнемі интернеттен шықпайды деп шағым айтты.

— Ой… Апа, олар айта береді.

— Тәйт, балам. О не дегенің. Адам баласы өз ұстазына тіл тигізуші ма еді?

 

Міне, бұл қазіргі қоғамның өзекті мәселесі, әрі кез келген отбасында өрбитін әңгіме. Неліктен балалар қымбат уақытын ата-аналарына, достарына емес, керісінше ата-аналар балаларына емес меңіреу телефонға арнайды. Осы уақытқа дейін жалығу бермегені ме? Бұның бір ғана жауабы бар. Ол — интернет. Қазақшалап айтсақ — ғаламтор. (қазақ тіліне қалай керемет аударған). Ғаламды торымен матап, уысында ұстап отқан бұл не құдірет?

Иә, қазір екінің бірі әлеуметтік желіде тіркелген. Онлайн парақшасын күніне жүз қарау, сағаттап уақыт жұмсау қалыпты жағдайға айналған. Оның алтындай уақытымызды ұрлап жатқанын іштей білсек те, өз-өзімізді алдарқатамыз. Сабақты сылтау етеміз немесе жай ғана етіміз үйреніп кеткен.

Өз тарапымыздан біз «шоқпарсыз шапқан дұшпанға» төтеп беру керекпіз. Бұл сөзіммен ғаламторды түгелімен айыптап тұрғаным жоқ. Керісінше ғаламторды дұрыс қолдануға шақырамын. Ғаламтор пышақ секілді. Онымен нан турауға да, қолды кесіп алуға да болады.

Қазір әлемде ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Қолға қару алып атойлап жауға шабу ескілікте қалып қойған. Ақпарат нарығында да еркіндік. Бұл дегеніңіз ғаламтордан  бәрін табуға болады деген сөз. Мәтін, фото, видео, аудио түрінде іздеген тақырыпта хабарлар жеткілікті.  Мейлі пайдалы болсын, мейлі пайдасыз болсын. Ол жерде жұмыс істеп отырған робот екенін ескерсек, құрылғы өзіндегі мәліметтерді сүзгіден өткізбейді. Сондықтан да адамның миы сүзгі болу керек. Жаман мен жақсысын айыра алу қабілетін іске қосқан жөн.

Бұл мәселенің ең қынжылтатын тұсы еңбектеген сәбидің өзі смартфонға құмартуы. Қызылды — жасылды сәулелер, ритммен соққан әуендер қызықпасыңа қоймайды. Дей тұрғанменде бесіктен белі шықпаған балаға сенсорлы экранды телефон ұстату оның болашағына өз қолыңызбен балта шапқанмен тең. Дәл осы жағдай мектеп оқушыларына да тікелей қатысты. Оларға  «бір тістелген алмасы» бар айфон емес, қарапайым байланысқа жарамды ұялы телефон алу керек. Ал, егер сабақ орындауға қолданам десе, үйге ортақ интернет орнатып, не көріп, қалай пайдаланып жатқанын үнемі бақылау қажет. Ата — әжелерге келетін болсақ, олардың ғаламторға кіріп, телефонға телміруі, меніңше, ұят. Ақ сақалы селдіреп, ақ жаулығы желбіреп отырған ата- әжелерімізді көру ертегіге айналды. Бұрынғы ертегі кейіпкерлері: Мыстан кемпір, дию, аю, қасқыр еді, бұл күндері олар ғаламторға маталған адамдарға орын берген.

Соңғы деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың 68 пайызы интернет пайдаланушылар. Халықтың жартысынан көбі виртуалды әлемге бас сұғып тұрады. Кейбірі сонда көшіп те алған.

Сонымен қатар жақында ғана республикамызда қайғылы жағдайлар орын алғаны мәлім. «Синий кит», «Тихий дом» сынды ойын белең алып, жасөспірімдердің өмірімен қош айтысуына себепші болды. Ғаламторда кең тарап, әлеуметтік желі арқылы 12-16 жас аралығындағы балалардың психологиясын улаған. Нәтижесінде қатысушылар суицитке жол беріп, өмірлерін қиған.

Ең сорақысы, интернеттің «жеңгетайлық» қызметі. «Өмірлік жарларын анасына емес, авасына қарап алатын, сезімін смайликпен жеткізетін» онлайн махаббат та жоқ емес. Өмірінде көрмеген қызға немесе жігітке әлеуметтік желі арқылы үйленіп, соңы сәтсіздікке ұрындырғаны қаншама.

Мінеки, оқырман, ғаламтор дұрыс пайдалансаң дүниені мойындатуда алдыңа жайылған қызыл кілем іспетті, ал, қате қолдансаң өрмекшінің торындай матап, түбіңе жетер төте жол.

Айту бізден, оған құлақ асып, амалға асыру сізден, ардақты ағайын.

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді