jasqazaq.kz

Алғыс орнына – жұдырық (Видео)

16 сәуiр, 12:09

Павлодар облысында медицина қызметкерлеріне қарсы күш қолдануға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, 12 сәуірде таңертең жергілікті тұрғын мас күйдегі екі досымен бірге Екібастұз ауруханасының қабылдау бөліміне медициналық көмекке жүгінген.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәрігер көмегіне жүгінген адаммен бірге келгендер әдепсіздік танытқан және дәрігердің ескертпесіне агрессивті түрде жауап берген.

Ғимараттан шығудан бас тартқан жас жігіттер дәрігерге қол көтерген. Арашалауға тырысқан мейірбике де жарақат алды.

«Зардап шеккен екі медицина қызметкері де ауруханаға жарақат алуы себепті жатқызылды. Полиция қызметкерлері жедел келіп, оқиға орнында үш күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті өкілдері.

Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына, біреуі арнайы палатаға орналастырылды және күзет бақылауында.

 

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Организация (@dp_pavlodar)

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар