jasqazaq.kz

Ақтаудағы әскери қызметшінің қазасына командирдің салғырттығы себеп болғаны анықталды

13 мамыр, 11:21

Үстіміздегі жылдың 17 ақпанында Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде командирдің қызметтік міндеттеріне салғырт қарауы салдарынан сарбаз Р. Жайғалиевтің қаза болуына байланысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бас әскери прокуратура мәліметінше, тергеу кезінде бөлім командирі жеке құрамды бақылауды және қарумен жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ету бойынша жарғылар мен ведомстволық бұйрықтарда көзделген шараларды қабылдамағаны анықталды. Бұл қайғылы оқиғаға әкеп соқтырды.
Әскери прокурорлардың үздіксіз қадағалауы және жедел-тергеу тобының үйлестірілген жұмысы барысында қысқа мерзімде жеткілікті дәлелдер жинақталып, қажетті сот сараптамалары жүргізілді.
Соның нәтижесінде қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Сонымен қатар, барлау-шабуыл батальонының командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметтерінен босатылды, 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

JQ-Aqparat
Фото: Kazinform

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті