jasqazaq.kz

Ақмола облысында «Шөптікөл» бөгеті бұзылды: Су жолдың жүру бөлігіне өткен жоқ

06 сәуiр, 9:00

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Сабынды ауылы маңында орналасқан Шөптікөл бөгетінің бұзылу фактісі тіркелді. Соның салдарынан су алқаптар арқылы елді мекен бағытына қарай жайылып, «Астана – Қорғалжын» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 75-шақырым тұсын кесіп өтуде. Дегенмен, су жолдың жүру бөлігіне өткен жоқ, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта Ақмола облыстық филиалының жол қызметтері ахуалды тұрақтандыру бағытында жедел шаралар қабылдауда. Жұмыстарға 14 бірлік арнайы техника мен 30-дан астам жол маманы тартылған. Инертті материалдарды дайындау және оларды жеткізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Аталған учаскеде үш көзді су өткізу құбыры қалыпты режимде жұмыс істеп, судың толық көлемде кедергісіз өтуін қамтамасыз етуде.

Жол жамылғысы бүлінбеген, көлік қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті