jasqazaq.kz

Ақбаян Мұқанғалиеваға туыстарының өліміне қатысты айып тағылған жоқ

13 мамыр, 12:21
Фото: Ішкі істер министрлігі

Фото: Ішкі істер министрлігі

Атырау облысы Жангелдин ауылында күйеу баланың қолынан қаза тапқан отбасы мүшесі, Сұлтан Сәрсемалиевтің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға айып тағылмағаны белгілі болды. 

Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбектің айтуынша, Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекетінен кісі өлтіруге қатысты құқық бұзушылық белгілері анықталмаған.

«Ол кісі өлтіру фактісіне қатысы болмағандықтан, оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Алайда қылмыс туралы хабарламау дерегі бойынша бөлек іс тіркелді. Бірақ бұл бойынша әлі құқықтық баға берілген жоқ. Ақбаян Мұқанғалиева іс бойынша күдікті ретінде танылмайды және оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ», – деді Жандар Болатбек.

Прокурордың айтуынша, оның психикалық жағдайына байланысты Алматыда психиатриялық сараптама жүргізілген. Алайда сараптама қорытындысы прокуратураға әлі түспеген.

«Сараптама қорытындысы дайын деген ақпарат бар. Бірақ бізге әлі келіп түскен жоқ. Қорытынды келгеннен кейін жан-жақты зерттеледі. Қажет болған жағдайда қосымша сараптама тағайындалады», – деді ол.

Ақбаянның әрекетіне құқықтық баға психикалық жағдайы толық анықталғаннан кейін беріледі. Қазір ол  Атырау облыстық психиатриялық орталығында.

Төрт адамның өліміне күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты алғашқы сот процесі 18 мамырда сағат 11:00-де, ашық форматта өтеді.

JQ-Aqparat

Сурет: ашық дереккөз

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар