Айдар Сайлауов Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің журналистика мамандығы бойынша І курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

 

Мен және ғаламтор

Қара топырағы денемді ақдаңдақ қылып, қара ағашы қайыспас тапқан бақ болып, қой кезек пен науқанан көз ашпаған мен, ауылдың қарадомалық баласымын. Жарасымын жырдан тапқан, бар асылы сырдан да аққан Аралдың ақұдайымын. Аңқылдақ көңіліміз ауылда жүргенде тоғыз қабат торғауытты тесіп өтерлік толағай күшіміз, теңіз жағасында толқыннан биік тулап жататын. Әтегенайы сол балалық шағымыз бір де бір ұялы байланыс құралының көмегінсіз көз алдымыздан зу ете қалыпты. Неге дейсіз бе? Себебі біздің ауыл байланыс аясынан тыс жерде орналасқан еді. Әлі де солай. Есесіне теңіздің көкпен ұштасқан тұсына көз тігіп отырып, қара қайықпен жағалауға келетін балықшылардың қан мен тері ғаламтордан табыла қоймайтын ғаламат еді, біз үшін. Ақ сазаны халыққа қалытқысыз жетіп, мәре-сәре болтынбыз. Қас қарайса әжемнің әңгімесін тыңдап алып, ұйқыға кетерде түңгі тыныштықты шегерткенің шырылы бұзып, құлағың тұнып қалатын. Сол күндер есіме түссе ақсүйек іздеп ойнаған соңғы қазақ біз-ау деп ойлап қалам, іштей.

Ауыл қызығынан шыжығы көп шағын мемлекет іспеттес. Түтініне дейін  тәтті ғой шіркін! Мұнда бір бос жүрген жанды көрмейсіз. Әр үйде түліктің түр-түрінен бар. Ал, балықшыларының орны бір төбе. Біздің үйдің алдында бір қара қайық төңкеріліп жататын. «Теңіздің күйі тайғанын сезіп, жерге бетін басып, ренжіп жатып қалған ғой»,-деп әзілдейтін әкем. Шымшымасы шымбайыма бататын. Қынжылып айтатын әке сөзі әлі күнге санамнан ұмымылмапты. «Аралдың табанынан су кеткенмен, халқының жүрегінен жыр кеткен жоқ» деп Бекұзақ ақын да бір күрсінген шақтары сорда қалған іздерде сояудай болып сайрап жатыр.

Өзін интернет желісінсіз елестете алмайтындары білем, мен өзімді ауылсыз көз алыдыма келтіре алмас едім. Жалаң аяғым ыстық топыраққа күйіп, жаралансақ үстіне құм сеуіп жүгіріп жүре беретінбіз. Мен тұрған ауыл атауы-Қызылжар. Аталмыш ауылда 1200 ге жуық тұрғын, 200 үй бар. Мұндағы талай дүлүлдерді тәрбиелеген екі қабатты Қызылжар мәдениет үйі киелі шаңырақ десек те болады. Ауылымызда дүниеге келген Шымберген Сүлеменов, Гүлнұр Оразмбетовалар осы сахнада шыңдалған. №81 орта мектеп оқушыларға арналған керемет білім ошағы. Мұнда барлық жағдай жасалған. Ауыл білімі бүгінде қаланың қарымын қайтарып тұр десем жалған емес. Желі толығымен қамтамассыз етілген ауылымыздағы жалғыз орын осы. Сырдарияның сол жағалауын жағалай орналасқан ауыл балалары білікті де білімді болып өсіп келе жатыр. Бұл мен өскен ауылдың қал ақуалы.

Қазіргі таңда мен білім қуып үлкен қалада жүрмін. Қала ауыл баласына көресіні көрсетеді екен. Шылым шеккен қыздар, топталып төбелескен тентектер, атыс-шабыс, қиян-кескі тағдырларды да осы қала маған айна қатесіз көрсетіп берді. Ол ол ма ең сорақысы вертуалды әлем қаланың басты дерті. Кішкене құрылғыға шүйіркіген мойындар, көлік қағып кетіп жатса да телефоным аман ба? деп сұрайтын жастар дендеп алған. Бірде досыма әзілдеп бүй дегем:

Баласы болып алып қаланың да,

Қаным қайнап, қасыңда жанамын ба,

Маң басқан түйедей көрінетін,

Шаң басқан лайктан табамын ба?

«Дос жылатып айтады» дейді, бірақ, мен күле отыра біле отырсын деген оймен дөмпеткізгем. Қашанда шындық ащы. Қазіргі қаланың сиқы осы. «Кітап деген интернетте де бар ғой» деп шүйлігетіндер де пікір айтып қалыс қалар емес. Ауыл қандай қала қандай ажыратып бағарсыз. Сол ауылда мен бірде сортаңдау жолға салынған қара жолмен жүріп жылқы іздеуге қалың қамыс тоғайға бағыт алғанмын. Ақшам кезінде ақша жүзім қызарып тұлпар түгендеуге қалың қамыс арасына қорықпай кіріп кеттім. Біраз жерін аралап тұлпарларды түгендеп жүріп қас қарайғанын байқамай да қалыппын. Ну қамыс іші шытырман. Қараңы түскенінен қайда барарымды білмей адасып қалдым. Әбден тоңдым. Бірде жылқылар үйірімен  бәрі қамысты жарып жүріп барады. Олар ай жарығымен суаттан су ішетін уақыттары еді. Қуанып кеттім де іздерінен еріп отырдым, солай жол тауып ну қамыс арасынан әупірімдеп шыққан едім. Сол қамыс бүгінгі ғаламтор секілді ішінде адасып жүргендер қаншама, әлгіндегі жылқылар сынды жол тауып беретіні бірен-саран шығар-ау, бірақ!

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді